«Qazcontent» өңірлік экологиялық саммит аясында RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің медиасеріктесі болды

Іс-шара тұрақты даму және «жасыл» экономика мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары қатысып, көрменің жоғары халықаралық деңгейін айқындады.


Ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының қолдауымен жұмыс жүргізді.

Көрмеге 30 елден 300-ден астам компания, 1500-ден астам делегат және 20 000-нан астам келуші қатысты. Алаң мемлекеттік органдар, бизнес және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіріп, озық экологиялық технологиялар мен инновациялық шешімдерді ұсынды.

Медиасеріктестік шеңберінде «QAZCONTENT» АҚ көрменің басты іс-шараларын, оның ішінде ашылу салтанатын, іскерлік бағдарламаны және халықаралық сарапшылардың баяндамаларын жедел түрде жариялап, форумның мақсаттары мен қорытындылары туралы ақпараттың кеңінен таралуына үлес қосты.

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Көрмеге елімізден бөлек, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла және Ұлыбритания елдерінен қатысушылар келген.

Шара аясында Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ғасырдың ғаламат ақыны» көрмесі ұсынылды.

IX Astana Eurasian Book Fair аясында «Ұлттық кітап» байқауының қорытындысы шығарылып, үздік шығармалар анықталды.

Қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттік әдеби сыйлық, «Қазақстанның халық жазушысы» атағы және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалған.

Ұлттық кітап күніне орай өткізілген іс-шаралардан Qazcontent АҚ құрамындағы «Әдебиет порталы» тұрақты түрде ақпарат таратып отыр.

Айта кетейік, кітап апталығы аясында ел көлемінде өткен іс-шараларға 200 мыңға жуық адам қатысты.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

  1. Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Partners» бизнес орталығы.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: нотариус қызметтері.
  3. Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Partners» бизнес орталығы.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электронды пошта: offer@qcontent.kz
  5. Потенциалды жеткізушілерді іріктеуге қатысу үшін өтініштер мен талап етілген құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
  • Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 29 сәуірге дейін.
  • Сұралған құжаттар тізімі әлеуетті жеткізушілерге қойылатын квалификациялық талаптарда көрсетілген – жеке тұлғаларға арналған (қосымшада).
  1. Потенциалды жеткізуші өтінішті ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кері алуға құқылы.

 

      Хабарландыруға қазақ және орыс тілдерінде қосымшалар тіркеледі:

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:

  1. «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, El.KZ интернет порталы.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 24 сәуір.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

1.Әлеуетті жеткізушілерге арналған өтінім нысаны (өтінімді жүктеп алып, толтырып, талап етілетін құжаттардың скан нұсқасын қоса тіркеп, көрсетілген корпоративтік электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет).

2.Әлеуетті жеткізушіге қойылатын біліктілік талаптары PDF форматында.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: мәтіндік контент дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны: қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 20 сәуір.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы: әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Qazcontent» Наурызнама онкүндігі аясында бірқатар іс-шара өткізді

Наурыз мейрамы – ұлттық бірегейлікті айшықтайтын, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше мереке. Ежелден «Наурызнама» атауымен белгілі бұл кезең жаңару мен ізгілік идеяларын насихаттаумен ерекшеленеді.

Елімізде Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеуге бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған бастаманы «Qazcontent» акционерлік қоғамы да қолдап, мазмұнды мерекелік бағдарламаны жүзеге асырды.

Онкүндік шеңберінде әр күн белгілі бір тақырыпқа арналды. Атап айтқанда, «Көрісу – Амал мерекесі» күні ұжымда дәстүрлі амандасу рәсімдері өткізіліп, қызметкерлер бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. «Қайырымдылық» күні әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр», «Шаңырақ», «Ұлттық киім», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ», «Жыл басы» және «Тазару» күндері аясында ұлттық мәдени мұраны дәріптейтін түрлі іс-шаралар өткізілді. Қызметкерлер ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға белсенді қатысты, сондай-ақ ұлттық ойындар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шаралар ұжым ішінде бірлік пен ынтымақты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ықпал етті.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар – әлеуетті өнім берушілер үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарландыру

    • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
    • Қызметтің атауы: «BAQ.KZ» ақпарат агенттігі (қазақша нұсқа) үшін мультимедиалық контентті өндіру және сатып алу қызметі;
    • Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: 2026 жылғы 15 сәуірден бастап 31 желтоқсанға дейін, қашықтан қызмет көрсету;
    • Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
    • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
    • Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 21 сәуір сағат 18:00-ге дейін;
    • Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2026 жылғы 24 сәуір 15:00;
    • Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 13 928 569,2 теңге.

Қосымша:

1) әлеуетті өнім берушілердің толтыруы үшін өтінім нысаны * (жүктеу, өтінімді толтыру);

2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары *;

3) бекітілген техникалық ерекшелік *;

4) шарттың үлгілік нысаны.

* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:

  1. «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, El.KZ интернет порталы.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 13 сәуір.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, EL.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Әлеуметтік желіде порталдарды ілгерлету қызметтерін көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 1 сәуір.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Qazcontent» журналистері «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды

BAQ.KZ ақпарат агенттігі мен «El.kz» интернет-порталының журналистері 2026 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде мемлекеттік наградаларға ие болды.
Марапаттарды табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өтті.
Марапаттар қоғамдық қызметке қосқан үлесі, отандық журналистиканы дамыту және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялаудағы еңбегі үшін берілді.
Атап айтқанда, BAQ.KZ-тің қазақ редакциясының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды.
Гүлжан Раманқұлова – бұқаралық ақпарат құралдарында 10 жылдан астам тәжірибесі бар журналист. Ол әлеуметтік және заңнамалық тақырыптарды көтеруге маманданған, сондай-ақ түрлі кәсіби журналистік байқаулардың жеңімпазы.


Сондай-ақ, BAQ.KZ-тің орыс редакциясының аға тілшісі Анеля Өсерхан «Шапағат» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Анеля Өсерхан 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2018 жылы Польшадағы University of Wrocław оқу орнында «Mass Communication and Journalism» бағдарламасы бойынша білім алған. 2021 жылы «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
Еңбек жолын 2020 жылы BaigeNews.kz сайтында тілші болып бастаған, ал 2025 жылдан бері BAQ.KZ-те аға тілші қызметін атқарып келеді. Қазақстан мен әлемдегі саяси және қоғамдық оқиғаларды жариялап, авторлық материалдар мен деректі фильмдер дайындайды.
Сонымен қатар «Trend Talk» атты жеке подкастын жүргізіп, PR және журналистика саласының мамандарына жасанды интеллект бойынша тренер ретінде де жұмыс істейді.


Сондай-ақ мемлекеттік наградаларға отандық басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ие болды. Атап айтқанда, «El.kz» интернет-порталының тілшісі Ажар Лаубаева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.


Бұдан бөлек, «El.kz» тілшісі Айдана Ербатырқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және төсбелгісімен наградталды.


«Qazcontent» қызметкерлерін марапаттау – олардың отандық журналистиканың дамуына қосқан кәсіби үлесі мен қоғамдағы маңызды үдерістерді жариялауға белсенді қатысуының айқын көрінісі.