Бос жұмыс орындары

Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
+7 (7172) 64-95-53, info@qcontent.kz

Талаптар SMM менеджері лауазымына келесі талаптарға жауап беретін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (журналистика, экономика, құқықтану, ақпараттық жүйелер, мәдениет және өнер, өнер және гуманитарлық ғылымдар, техникалық мамандықтар) мамандығы бойынша тұлға тағайындалады. Міндеттері қоғамның Дирекциясы, редакциясы және порталдарының әлеуметтік желілеріне контентті орналастыру; әлеуметтік желілерге арналған контентті шығару; контентті әлеуметтік желілердің ережелеріне сәйкес келтіру; әлеуметтік желілер бойынша есепті толтыру; материалдарды жариялау алдында бас редакторлармен және/немесе Дирекциямен келісу. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Комплаенс-офицер лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл немесе комплаенс, тәуекел-менеджмент, аудит, ішкі бақылау, құқтық қолдау салаларында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдер бойынша арнайы даярлығы мен сертификатының болғаны құпталады. Міндеттері 1) Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ішкі бақылау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, тәуекелдерді басқару және корпоративтік әдеп бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу, енгізу және өзектендіру; 3) Сыбайлас жемқорлық және өзге де тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторинг жүргізу, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеу; 4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды үйлестіру және жүргізу; 5) Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, корпоративтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау және мүдделер қақтығысының алдын алу; 6) Комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша оқыту, сонымен қатар түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; 7) Ықтимал бұзушылықтар фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізу және өтініштерді (шағымдарды) қарау; 8) Комплаенс және тәуекелдер саласындағы заңнамадағы өзгерістер мен тәжірибеге мониторинг жүргізу; 9) Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және жүргізу, оның ішінде тәуекелдер картасы мен тізілімін дайындау; 10) Тәуекелдерді азайту және ішкі процестердің тиімділігін арттыру бойынша басшылыққа ұсынымдар дайындау; 11) Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар SEO маманы лауазымға маркетинг, менеджмент, IT, жарнама, бизнес-аналитика, жобаларды басқару саласындағы бағыттар (мамандықтар) бойынша жоғары білімі бар тұлға тағайындалады. SEO бағыты бойынша жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес. Дағдылар: Іздеу роботтарының жұмыс істеу принциптерін, ранжирлеу алгоритмдерін, ішкі/сыртқы оңтайландыру әдістерін түсіну, талдау құралдарын (Google analytics, Яндекс метрика) меңгеру;UX/UI негіздері және юзабилитидің іздеу жүйелерінде ілгерілетуге әсері;SEO мен digital-маркетингтің заманауи трендтері. Міндеттері Іздеу жүйелерінен мақсатты аудиторияны тарту; Жүктелуді жылдамдату, URL құрылымын баптау және индекстеу қателіктерін жою; Кілт сөздер бойынша іздеу нәтижелерінде жоғары позицияларды қамтамасыз ету; Интернет-ресурстарды іздеу жүйелеріне (Яндекс, Google) оңтайландыру; Трафик пен мақсаттарды қадағалау үшін Яндекс, Google құралдарымен жұмыс істеу; Қоғамның интернет-ресурстарының техникалық бөлігіндегі қателіктерді іздеу және бәсекелестерді зерттеу; Пайдаланушылар Қоғамның интернет-ресурстарын табатын кілт сөздерді жинау; Бөлімшенің қызметіне қатысты процестерді автоматтандыруға қатысу. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Бейнеоператор лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық, кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім бар, сондай-ақ кемінде 3 жыл бейнеоператор лауазымындағы жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Міндеттері Жарнамалық, промо-студиялық, вирустық роликтерді түсіру; Бейнетүсірілім бойынша редакциялық-монтаждау тапсырмаларын уақтылы және тиісті деңгейде орындау; Бейнежазбаларды түсіруге тілшімен бірге шығу; Сюжетті түсіруге дейін және түсірілім жоспарын келісе отырып, сюжет тақырыбын тілшімен талқылау; Репортаждық түсірілімдер кезінде жазба сапасын бақылай отырып, Жұмыс беруші қоятын талаптарға сәйкес түсірілген бейнематериалдың сапасы мен санына жауап беру. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Бас редактордың орынбасары лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика, ақпарат, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлға тағайындалады. Жұмыс өтіліне қойылатын талап: бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Білімі: • «Масс-медиа туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; • ақпараттық порталдар мен агенттіктер жұмысының ерекшелігі; • журналистік этика қағидаттарын білу. Дағдылары: • медиа нарықты, онлайн-журналистиканы және цифрлық трендтерді терең түсіну; • түрлі форматтағы мәтіндерді редакциялау тәжірибесі (жаңалықтар, аналитика, сұхбат және т.б.); • редакциялық саясат пен контент-стратегияны басқару дағдылары; • SEO-оңтайландыру және SMM-ілгерілету қағидаттарын білу; • редакциялық команданы қалыптастыру және үйлестіру тәжірибесі; • медиажоспарлау және контент-менеджмент дағдылары. Міндеттері • «Baq.kz» АА міндеттері мен функцияларын қоюды, оларды іске асыру бойынша жұмысқа басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру; • мемлекеттік тапсырма бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу бойынша «Baq.kz» АА жоспарын әзірлеуге қатысу; • интернет желісінде және әлеуметтік желілерде ақпарат агенттігін ілгерілетуге және танымал етуге ықпал ету; • «Baq.kz» АА сайтының негізгі тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу, оны пысықтау және мазмұны бойынша ұсыныстар енгізу; • «Baq.kz» АА-ның жаңалықтар мен талдау материалдарының жарияланымдарына күн сайын мониторинг жүргізу; • «Baq.kz» АА-да жарияланатын материалдардың мәтінін тиісінше ресімдеу бойынша, сондай-ақ грамматикалық және пунктуациялық қателерге жол бермеу, авторлық материалдардың бірегейлігін қамтамасыз етуді тексеру; • бас редактормен бірлесіп, барлық тақырыптық айдарлар бойынша медиажоспар әзірлеу, «Baq.kz» ақпарат агенттігінің жоспарлары мен тапсырмаларына сәйкес журналистік материалдардың дайындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. Бос жұмыс орны уақытша, негізгі қызметкер жұмыста болмаған кезеңде қабылданады.

Талаптар Жауапты редактор лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика, ақпарат, педагогика ғылымдары, мәдениет, өнер, гуманитарлық ғылымдар, бизнес, басқару, құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады Міндеттері Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша тілшілер мен орындаушылардан келіп түскен ақпаратты өңдеу, оларды «Primeminister.kz»АА сайтында орналастыру сыртқы дереккөздерден күнделікті ақпарат жинауд; «Primeminister.kz» АА сайтына журналистік мәтіндік материалдарды қабылдау, іріктеу, өңдеу және жариялау; «Primeminister.kz» АА ққызметі барысында ақпараттық агенттік қызметкерлерінің және өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша мердігер ұйымдардың «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын қадағалау. Жарияланатын ақпараттың бастапқы дереккөзі мен дұрыстығын тексеруді бақылау; ақпаратты жариялау кезінде автордың және деректерді пайдалану көзінің нұсқауларын бақылау. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет.