QAZCONTENT және KNUS өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды
Әрбір спорттық жеңістің артында үлкен еңбек, ал әрбір жетістіктің артында көпшілікке үлгі боларлық тағылымды тарих жатыр.
QAZCONTENT пен Қазақ ұлттық спорт университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру, спорт өмірін ақпараттық сүйемелдеудің жаңа форматтарын дамыту және қазақстандық спортшылардың жетістіктерін кеңінен насихаттау көзделген.
Әсіресе, отандық спорттың дамуына өз еңбегі мен жетістіктері арқылы үлес қосып жүрген жандардың өмір жолы мен табыс тарихына ерекше назар аударылмақ.
Бұл ынтымақтастық спорт қауымдастығы мен медиа саласының мүмкіндіктерін біріктіріп, қазақстандық спорттың жетістіктерін кеңінен танытуға және олардың танымалдылығын арттыруға жол ашады.
