Правление
Гани Жанбырбаевич Нурмагамбетов – Басқарма төрағасының орынбасары.
1983 жылдың 9 қарашасында Алматы Қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы «Планета Электроники» ЖШС-де жүк тасушы болып бастап, кейін қоймашысы болды.
2005 жылғы қаңтар-сәуір айларында Алматы қаласының «ҚазҚұрылысИнжиниринг» ЗТБ бухгалтерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
| 2005 жылғы мамырдан бастап 2006 жылғы шілде аралығында Алматы қаласының «Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ» АҚ салымшыларды тарту бөлімінің агенті және екінші санаттағы маманы қызметін атқарды.
2006 жылғы шілдеден 2009 жылғы қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Темірбанк» АҚ-да коммерциялық қызмет басқармасының тұтынушылық несиелеу бөлімінің кредиттік менеджері, автонесиелеу бөлімінің жетекші кредиттік менеджері, сондай-ақ бас кредиттік менеджері қызметтерін атқарды. 2009 жылғы қазаннан желтоқсан аралығында – Атырау қаласындағы «Брунел Рекруитмент Қазақстан» ЖШС бухгалтері. 2010 жылғы қаңтардан 2012 жылғы маусым аралығында Атырау қаласындағы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман, бас инспектор, бөлім меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 2012 жылғы маусымнан 2013 жылғы қаңтар аралығында – Атырау қаласы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысының орынбасары, сауданы дамыту бөлімінің меңгерушісі. 2013 жылғы қаңтар-ақпан айларында Астана қаласының «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы наурыlfн 2014 жылғы қаңтар аралығында Атырау қаласындағы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК филиалының директоры қызметін атқарды. 2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы тамыз аралығында Алматы қаласындағы «Asia Credit Bank» АҚ-ның Алматы филиалында кредиттеу бөлімінің бас маманы, шағын және орта бизнесті (ШОБ) кредиттеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2016 жылғы тамыздан 2017 жылғы мамыр аралығында – Алматы қаласында өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын даярлау және өткізу жөніндегі дирекцияның мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы. 2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы мамыр аралығында Алматы қаласының «Алматы Mauntain Resort» әкімшілік қамтамасыз ету және сатып алу жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді. 2019 жылғы мамырдан 2021 жылғы қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясы» ЖШС-де спорттық іс-шараларды ұйымдастыру менеджері, іс-шара менеджері (event-менеджер), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және жалға алу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы шілде аралығында – Алматы қаласының «Спорттық-мәдени кешені» ЖШС логистика және жабдықтау бөлімінің басшысы. 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы наурыз аралығында – «Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК басшысының орынбасары, сонымен қатар басшысы қызметін атқарды. |
2024 жылғы наурыздан 2025 жылғы желтоқсан аралығында – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.
2026 жылғы 6 сәуірден бастап «QAZCONTENT» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Оның жауапкершілігіне компанияның әкімшілік-басқару қызметі кіреді: қаржы және есептілік басқармасы, құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы.