“Qazcontent” ұжымының қыздары ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Мерекелік шара барысында әріптестеріне ізгі тілектер айтылып, сый-сияпаттар табысталды.

Қыз-келіншектер ер азаматтарға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ел тыныштығы мен қызметтеріне табыс тіледі.

Салтанатты жиын көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ұжым мүшелері бір-біріне құрмет пен сыйластықтарын білдірді.