Правление


Мольдир Чингисовна Каримова

Басқарма төрағасының орынбасары

Мольдир Чингисовна Каримова 1994 жылғы 30 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шүлбі кентінде дүниеге келген.

2016 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша үздік бітіріп, әлеуметтік білімдер бакалавры біліктілігін алды.

2017 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, құқық бакалавры біліктілігін алды.

2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығын бітірді.  Академиялық дәрежесі – әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2014 жылғы тамызда Астана қаласындағы «Black & White Group» ЖШС-да журналист қызметінен бастады.

2016 жылғы тамызда Астана қаласындағы «Black & White Group» ЖШС бас редактор лауазымына ауыстырылды.

2019 жылғы маусымда Астана қаласындағы «Black & White Group» ЖШС сату офисінің басшысы лауазымына тағайындалды. Аталған лауазымда 2020 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс істеді.

2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз аралығында «80/20» креативті агенттігінде даму жөніндегі директор қызметін атқарды.

2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы сәуір аралығында Астана қаласындағы «Bass Holding» ЖШС PR-менеджері болып жұмыс істеді.

2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы шілде аралығында Астана қаласының «Bass Gold» ЖШС сыртқы және ішкі коммуникациялар жөніндегі менеджері қызметін атқарды.

2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы маусым аралығында Астана қаласындағы BI Group құрылыс холдингінде сыртқы коммуникациялар жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.

2026 жылғы маусымнан тамыз аралығында «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2026 жылғы 27 тамыздан бастап «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.