Біздің команда
Гульназ Жолатовна Алина
Корпоративтік хатшы
Құқық, корпоративтік басқару және компанияның басқару органдарының қызметін сүйемелдеу саласындағы маман. Заң бағыты, мемлекеттік сатып алу, ішкі құқықтық актілерді әзірлеу және корпоративтік рәсімдерді ұйымдастыру бойынша көпжылдық тәжірибесі бар.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби қызметін «Астана-Теплотранзит» АҚ-да бастап, заңгердің көмекшісі және заң бөлімінің заң кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап «QAZCONTENT» АҚ-да еңбек етеді. Әр жылдары бас заңгер, құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бастап «QAZCONTENT» АҚ корпоративтік хатшысы.
Қызметі аясында Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер және Басқарма арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, корпоративтік шешімдерді дайындау мен сүйемелдеуге қатысады, Директорлар кеңесі мен комитеттердің отырыстарын ұйымдастырады, хаттамалар мен корпоративтік материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Samruk Business Academy-де корпоративтік хатшыларды сертификаттау бағдарламасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша оқуды аяқтаған.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60
g.alina@qcontent.kz
Назым Слямовна Хасенова
Ішкі аудитор
Ішкі аудит, қаржылық басқару, бюджеттеу, мемлекеттік сатып алу және бизнес-процестердің тиімділігін бағалау саласындағы маман. Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік ұйымдарда көпжылдық тәжірибесі бар.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі — экономист-маркетолог, дипломы үздік.
Әр жылдары білім беру, медиа, іскерлік туризм, арнайы экономикалық аймақтар және мемлекеттік сектор ұйымдарының қаржы-экономикалық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясында, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-де және басқа да ұйымдарда жұмыс істеген.
2022 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-те еңбек етеді. 2025 жылдың шілдесіне дейін қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2025 жылдың шілдесінен бастап АО «QAZCONTENT»-тің ішкі аудиторы қызметін атқарады.
Ішкі аудит, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, кәсіби бухгалтерлік есеп, қаржылық жоспарлау, бюджеттеу, мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қаржыны басқару бағыттары бойынша кәсіби біліктілігін арттырған.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60
n.khassenova@qcontent.kz
Мольдир Чингисовна Каримова
Кеңесші
Медиа, PR, стратегиялық коммуникациялар, журналистика және видеопродакшн саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Кәсіби құзыреті коммуникациялық стратегиялар әзірлеу, ақпараттық күн тәртібімен жұмыс істеу, медиажобаларды басқару, продакшн және digital-контентті дамыту бағыттарын қамтиды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған, «Журналистика» бағыты бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Сонымен қатар Alikhan Bokeikhan University-де «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры дәрежесін алған.
Әр жылдары Dixinews.kz желілік басылымында журналист және бас редактор, 24.kz телеарнасында спорт журналисі болып жұмыс істеген. Black&White медиакомпаниясында сату бағытын басқарған, «80/20» креативті агенттігінде продакшн-жобаларды дамытуға қатысқан. Сондай-ақ BASS Gold алтын өндіру компаниясы мен BI Group құрылыс холдингінде коммуникациялар бағытында жұмыс істеген. 2026 жылғы маусымнан бастап АО «QAZCONTENT» Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60
m.karimova@qcontent.kz
Светлана Рамазановна Жумабаева
Бизнес - аналитик
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60 (ешкі 1022)
Тлеген Талгатович Нигматуллин
Ақпараттық Қауіпсіздік қызметінің басшысы
IT және киберқауіпсіздік саласында 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар маман. Оның сараптамасы ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту, корпоративтік IT-инфрақұрылымды сүйемелдеу, серверлік және желілік жабдықтарды әкімшілендіру, ақпаратты қорғау құралдарын енгізу, ұйымдардың сыртқы және ішкі периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарын қамтиды.
Челябі мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылдан бастап ақпараттық технологиялар және телекоммуникация саласында жұмыс істейді. 2018 жылдан бері IT және ақпараттық қауіпсіздік бағытында сарапшылық қызметтер атқарып келеді. Қазақстан Республикасының заңнамасы және ISO/IEC 27001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес құжаттама дайындау тәжірибесі бар. 2020 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-те ақпараттық қауіпсіздік саласында басшылық қызметтер атқарып, ақпаратты қорғауға, корпоративтік инфрақұрылымды дамытуға және киберқауіпсіздік процестерін жетілдіруге жауапты.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 67
n.nuryshov@qcontent.kz
Тогжан Калиевна Кажахметова
Қаржы және есептілік басқармасының басшысы - Бас бухгалтер
Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салықтық сүйемелдеу саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман. Медиаұйымдарда, ұлттық компанияларда және корпоративтік секторда жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіби қызметі бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, қаржылық бақылау және ұйымның қаржылық процестерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты.
Ақмола ауыл шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі — экономист-бухгалтер.
Әр жылдары Қазақ ақпарат агенттігі «Қазинформда», «Қазинформ» ҰК» АҚ-да, «Қазақстан» РТРК» АҚ-да, «Қазинформ» ХАА» ЖШС-де жұмыс істеген. 2022 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-те еңбек етеді. Қоғамда бухгалтерлік және салықтық есеп басқармасының бас маманынан қаржы және есептілік басқармасының басшысы — бас бухгалтер лауазымына дейін кәсіби жолдан өтті.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 52
t.kazhakhmetova@qcontent.kz
Асия Мейрмхановна Инертбаева
Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Құқық, кадрлық сүйемелдеу, іс жүргізу және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету саласындағы маман. Медициналық, мәдени және медиа салаларда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде құқықтық бағытты басқару және ұйымның ішкі процестерін сүйемелдеу бойынша тәжірибесі қалыптасқан.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Математика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби қызметін «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-да бастап, тілдерді дамыту және іс жүргізу бөлімінде, сондай-ақ заң бөлімінде жұмыс істеген. 2017–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-да заңгер және заң бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-те жұмыс істейді және құқықтық әрі кадрлық қамтамасыз ету басқармасын басқарады.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 53
a.inertbayeva@qcontent.kz
Сымбат Бағланқызы
IT басқармасының басшысы
Ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және дамыту, веб-аналитика, іздеу жүйелеріне оңтайландыру және цифрлық жобаларды басқару саласындағы маман. Интернет-ресурстарды техникалық сүйемелдеу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және IT-шешімдерді енгізу бағытында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби қызметін 2009 жылы бастаған. Әр жылдары «Астана» телеарнасы» ЖШС-де, «IT Research Center» ЖШС-де, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде, «Қазинформ» АҚ-да жұмыс істеген. 2022 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-тің IT басқармасын басқарады.
Оның жетекшілігімен Қоғамның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарын дамыту және сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді енгізу, IT-қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және цифрлық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жобалар жүзеге асырылады. 2025 жылы ақпарат саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60 (ішкі 1074)
s.baglankyzy@qcontent.kz
Нұрлан Адамзатұлы Нұрышов
Креативті контент дирекциясының басшысы
Телевидение, цифрлық медиа, креативті контент және продакшн тоғысында жұмыс істейтін медиаменеджер, журналист, жүргізуші және продюсер. Кәсіби тәжірибесі ақпараттық, танымдық, ойын-сауық, спорттық және іскерлік медиажобаларды қамтиды.
«Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде MBA дәрежесін алған.
Әр жылдары e-history.kz порталында тілші, сценарист және жүргізуші, «Хабар» телеарнасында «Таңғы FRESH» бағдарламасы мен «Q-Бизнес» жобасының жүргізушісі, BaigeNews ақпарат агенттігінде атқарушы продюсер, «Астана» телеарнасында спорт жаңалықтары айдарының жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-тің Креативті контент дирекциясын басқарып, жаңа медиажобаларды және контент ұсынудың заманауи форматтарын дамытуға жетекшілік етеді.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 65
n.nuryshov@qcontent.kz
Айдын Қайсарұлы Ділдебай
Мультимедиялық контент басқармасының басшысы
Режиссура, телевидение, дыбыс режиссурасы және мультимедиялық өндіріс саласындағы маман. Киноөндіріс, телевизия индустриясы және шығармашылық процестерді басқару бағытында тәжірибесі бар.
Жезқазған музыкалық колледжін «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша, сондай-ақ Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Кино және телевидение» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі — режиссёр.
Кәсіби жолын дыбыс режиссурасы және оқытушылық қызметтен бастаған. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеген. Кейін он жылдан астам уақыт «31 арна» телерадиокомпаниясында еңбек етіп, бас режиссёр қызметін атқарған. 2024 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-тің мультимедиялық қамтамасыз ету басқармасын басқарады және компанияның визуалды әрі мультимедиялық бағытын дамытуға жауапты.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 60 (ішкі 1099)
a.dildebay@qcontent.kz
Мөлдір Асқарқызы Бекбергенова
«Baq.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 55
Мадина Идырысовна Асылбекова
«El.kz» интернет-порталының бас редакторы
Баспа БАҚ, телевидение және цифрлық медиаплатформаларда жұмыс тәжірибесі бар журналист, редактор және digital-маман. Кәсіби құзыреті материал жазу және редакциялау, контент-стратегия, digital-маркетинг, платформаларды дамыту және аналитикалық құралдармен жұмыс істеу бағыттарын қамтиды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және журналистика факультетін тәмамдаған.
Әр жылдары республикалық «Сот&Мен» және «Қазақ спорты» басылымдарында жұмыс істеп, сұхбаттар, авторлық және аналитикалық материалдар дайындаған. «Хабар» Агенттігі» АҚ-да редактор және бас редактор қызметтерін атқарып, үлкен кәсіби тәжірибе жинақтаған. Сондай-ақ «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС-де контент-менеджер болып жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап АО «QAZCONTENT»-те еңбек етеді, редакциялық жұмысқа, авторлық материалдар дайындауға, контент пен платформаны дамытуға жауапты.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 57
m.assylbekova@qcontent.kz
Алтынбек Хумарзах
«Қазақстан тарихы» интернет-порталының бас редакторы
Тарих, мәдениет және ұлттық контент саласында жұмыс істейтін журналист, редактор және зерттеуші. Цифрлық медиа, ғылыми-зерттеу ұйымдары және қоғамдық маңызы бар жобалар бағытында тәжірибесі бар.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Журналистика» бағыты бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. 2024 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.
2018 жылдан бері АО «QAZCONTENT»-тің «Qazaqstan tarihy» интернет-жобасын басқарып келеді. Жоба аясында тарихи-танымдық бағытты, редакциялық форматтарды және Қазақстанның мәдени мұрасы туралы материалдарды дамытуға жетекшілік етеді. Әр жылдары National Digital History, Ruh.kz, Suqbat.kz жобаларында, сондай-ақ тарих және этнология саласындағы ғылыми институттарда жұмыс істеген.
Кітаптар мен жарияланымдардың авторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. «Шапағат» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және басқа да кәсіби наградалармен марапатталған.
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 59
a.khumarzakh@qcontent.kz
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 59
Ынтымақ Қалқаманұлы Сағымбеков
«Әдебиет порталы» интернет-порталының бас редакторы
Байланыс ақпараты
+7 7172 64 95 58
y.sagymbekov@qcontent.kz
Гульназ Нурайхановна Мағзұм
«Primeminister.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы