| 1) Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 ғимарат., 2 т.е.ү.,телефон: +7 7172 64-95-60, E-mail: info@qcontent.kz
2) Қызмет атауы: Түсірілім процесін ұйымдастыру қызметті 3) Көрсетілетін қызметтердің көлемі: Бір қызмет. 4) Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша 5) Қызмет көрсету мерзімі: Шарт жасалған күннен бастап 16 (он алты) күнтізбелік күн ішінде. 6) Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар: · құқықтық қабілеттілігінің болуы; · тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы; · банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс; · ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері); · өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы. 7) Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс. 8) Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. 9) Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным. 10) Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. 11) Өтінімдер 2025 жылғы 08 қазанға 18:00-ге дейін (қоса алғанда), info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс. 12) Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 09 қазан 18:00-ге дейін. 13) Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 1 550 000 (бір миллион бес жүз елу мың) теңге. 14) Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50. |
“Qazcontent” акционерлік қоғамы түсірілім процесін ұйымдастыру, көрме стендін дайындау жөніндегі қызметтерге мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер қабылдайды





