«Baq.kz» порталына мультимедиалық контент өндірісі бойынша қызметтерді сатып алу

1)      Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 ғимарат., 2 т.е.ү.,телефон: +7 7172 64-95-60, E-mail: info@qcontent.kz

2)      Қызмет атауы: «Baq.kz» ақпарат агенттігі үшін мультимедиалық контент жасау және орналастыру қызметтері

3)      Көрсетілетін қызметтердің көлемі: 320 минут (16 бейнебағдарлама). Әр бейнебағдарламаның хронометражы 20 минуттан кем болмауы тиіс.

4)      Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

5)      Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

6)      Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

·          құқықтық қабілеттілігінің болуы;

·          тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

·          банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

·          ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

·          өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы.

7)      Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс.

8)      Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

9)      Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным.

10)  Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

11)  Өтінімдер 2025 жылғы 04 қыркүйекке 18:00-ге дейін (қоса алғанда), info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс.

12)  Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 05 қыркүйек 18:00-ге дейін.

13)  Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 8 571 200 (сегіз миллион бес жүз жетпіс бір мың екі жүз) теңге.

14)  Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

Қызметтің техникалық сипаттамасы

Шарт жобасы.

01.08.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

«Сөзмерген – 2025» қалалық шешендік өнер сайысы өтті

Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Сөзмерген – 2025» атты қалалық шешендік өнер сайысы өз мәресіне жетті.  Әр саладан келген 18-45 жас аралығындағы үміткерлер қатарында – журналистер, мектеп мұғалімдері, мәдени мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері сөзден маржан төгіп, ойын айшықты тілмен жеткізіп, сайыстың көрігін қыздырды.

Әділқазылар алқасы құрамында белгілі қаламгер, журналист-этнограф Бекен Қайратұлы, «Жайдарман» жобасының жетекшісі, “Құрмет” орденінің иегері Есен Елеукен, ақын, қоғам қайраткері, «Жастар» театры директорының орынбасары Мақпал Мыса,  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Кітап ісі басқармасының сарапшысы Айбала Бекмұханбет,  Журналист, медиа-менеджер Мәди Манатбек сынды елге танымалы тұлғалар болды.

Төрт кезеңнен тұратын сөз өнер байқауының алғашқы кезеңі – «Мен, мен, мен едім…» тақырыбына қатысушылар жеребе арқылы таңдалып, реттік нөмірі бойынша өнер көрсетті. Әр қатысушыға ситуациялық тапсырма ретінде қоғамдағы бір дауды ұсынды да, қатысушы сол ситуациядан қалай шығып, дауды қалай шеше алатын сөз тапқыштығы сыналды. Кейбір қатысушылар тақырыпты түсінгенмен, сөз саптау барысында қойылған талаптардан ауытқып жатса, кейбір қатысушы алғашқы кезеңнің талабын түсінбестен, сөзі бір жақта, ойы бір жақта шашырап жатты.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша қатысушы үміткердің үшеуі сүрініп, қалған үміткерлер келесі «Ділмар» атты екінші кезеңге өтті. Екінші кезең талабы бойынша қалған үміткерлер экрандағы ұяшықтан таңдаған тақырып негізінде сөз сөйлеп, ой-пікірін ортаға салып жатты. Уақыт қысқа, үш минуттық уақытқа ойын жинақтап, өзі таңдап алған тақырып бойынша сөзін дәйекті жеткізіп шығу шынында қатысушыларға оңайға соққан жоқ. Бұл кезеңнен де сүрінген қатысушылар үшінші кезеңнің  «Тобықтай түйін» атты сайысына қатыса алмады.

Үшінші кезеңде алдыңғы кезеңнен ең жоғары ұпай алған төрт қатысушы бақ сынап, «Әлеуметтік желідегі дауды бір ауыз сөзбен тоқ етерін айтып, түйінін шешу» – деген тақырып ұсынылды. Қатысушыларға: «Қазіргі аста-төк тойдың қоғамға тигізіп жатқан зардабы, минимализім тойды қалай жасаса болады» тақырыбында әлеуметтік желіге қандай пост жазар едіңіз деген талаппен бес минуттық уақыт берілді. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен екі қатысушы ақтық кезең «Жиреншенің жолы» атты сөз сайысына түспестен, бір-біріне құрмет қылып, «үлкен алдында жас қарызы» деген қазақы қалыпты паш етті.

Байқауға қатысушыларды  қазылар алқасы ұпай арқылы бағалады. Қазылар шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы диплом табысталады. Сөз сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде – 300 000 теңгеге «Әдебиет порталының» қызметкері, ақын Ықылас Ожайұлы ие болса, бірінші орын – 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа Жанболат Шәкім ие болды. Екінші орын әр қатысушы 100 000 теңгеден Қабиден Қуанышбай мен Бағлан Оразалыға бұйырса, үшінші орынды екі жеңімпаз – 75 000 теңгеден Ардаби Мәулет пен Бекзат Құлшар иеленді.  Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген, қазақ тілінің шұрайын танытып, ой қуатының үстемдігін көрсеткен бұл сайыс осылайша өз мәресіне жетті.

01.08.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті

“Qazcontent” АҚ ұйымдастырған журналистерге арналған жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану тақырыбындағы тренинг өтті. Іс-шараға әртүрлі БАҚ өкілдері, тәжірибелі тілшілер мен жас журналистер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тренингтің мақсаты – ақпарат саласында жұмыс істейтін мамандарға ЖИ құралдарын тиімді қолдану арқылы жұмыс өнімділігін арттыруға, жаңа идеялар табуға және контент сапасын жақсартуға көмектесу. Бағдарлама екі сағатқа созылып, қатысушыларға теория мен практиканы үйлестірген жан-жақты тәжірибе берді.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

Сабақ барысында тренерлер ChatGPT және басқа да заманауи ЖИ модельдерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар жаңалық мәтінін жедел дайындау, материалдарды рерайт жасау, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару, репортаждар мен мақалаларға идея табу, сұхбатқа сапалы сұрақтар құрастыру, сценарий мен ресми құжаттар әзірлеу, сондай-ақ аудио және видео контент жасау тәсілдерін меңгерді.

Практикалық бөлімде қатысушылар шағын тапсырмалар орындап, бірден ЖИ құралдарының артықшылықтарын өз тәжірибесінде байқады. Әр тапсырма нақты журналистік жағдайларға негізделіп жасалды, бұл алынған білімді тікелей жұмыс процесінде қолдануға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың жиі өтуін қолдайтындарын айтты.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

“Qazcontent” АҚ алдағы уақытта да ақпарат саласы мамандарына арналған білім беру бағдарламаларын жалғастырып, жасанды интеллектті кәсіби ортада кеңінен қолдануға ықпал етуді жоспарлап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @qazcontent_official

“Qazcontent” АҚ журналистерге арналған тегін ЖИ тренингтерін өткізеді!

Ақпарат саласында жұмыс істейтіндер үшін жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану жолдарын үйренгіңіз келе ме? Онда осы тамыз айында өтетін тренингтерге қатысыңыз!

Тақырып: Ақпарат саласындағы ЖИ құралдары: практика мен мүмкіндіктер
Күндері: 8, 15 және 22 тамыз 2025 ж.
Басталу уақыты: 15:00
Ұзақтығы: 2 сағат
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-үй, 4-қабат
Сертификат: барлық қатысушыларға беріледі
Қатысу: тегін
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз

Тренинг барысында:
– ChatGPT және басқа ЖИ құралдарымен танысасыз
– Жаңалықтар жазу, аударма жасау, репортаж дайындау, сұхбатқа сұрақ құрастыру, креативті идеялар табу жолдарын үйренесіз
– Практикалық тапсырмалар арқылы машықтанасыз

Орныңызды алдын ала қамтамасыз етіңіз – орындар шектеулі!

«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер қабылдайды

Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Қызмет көрсету орны: Қашықтан.

Қызмет көрсету мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап 31 желтоқсанға дейін.

Шарт жобасы.

Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар:

  • Құқықтық қабілеттілігі бар болу;
  • Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
  • Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпау;
  • Еңбек ресурстарына ие болу (міндеттемелерді орындау үшін жалдау шарттарын немесе ақылы қызмет көрсету шарттарын ұсыну);
  • Құрылтайшылық құжаттарды ұсыну (Жарғының көшірмесі, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама, банктік деректемелер, ҚҚС бойынша тіркелгені туралы куәлік (бар болса)).

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолтаңбалар, күндер, мөрлер мен штамптар болуы, түзетулер мен қателіктерден тазартылуы, сондай-ақ олардың шынайылығына күмән тудырмауы тиіс. Барлық құжаттар оларды ұсыну күнінде жарамды болуы керек.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысында тіркеу күні мен нөмірі, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін ұсынылатын сома болуы керек.

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері:

  • Ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 12 тамыз 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 14 тамыз 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 7 400 000 теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 64-95-60.