Правление

Рахымжан Бауржанұлы Мамырбек
Басқарама төрағасының орынбасары
Рахымжан Бауржанұлы Мамырбек 1995 жылғы 17 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген.
Техникалық кәсіптік және жоғары білімі бар.
2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы «Нархоз университеті» АҚ «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, экономика және бизнес бакалавры біліктілігін алды.
Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын 2017 жылғы шілдеде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. Аталған лауазымда 2020 жылғы наурызға дейін жұмыс істеген.
2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы қараша аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2023 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2026 жылғы 27 тамыздан бастап «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.