15.05.2026

«Qazcontent» Maqsut Narikbayev University студенттеріне «Ашық есік» экскурсиясын өткізді

«Qazcontent» АҚ Maqsut Narikbayev University журналистика факультетінің студенттеріне «Ашық есік» экскурсиясын өткізді. Іс-шара барысында студенттер медиа-холдингтің жұмысымен танысып, заманауи цифрлық журналистиканың ерекшеліктері туралы ақпарат алды.

Экскурсия аясында қатысушылар редакция бөлімдерін аралап, контент әзірлеу процесін, жаңалықтарды жариялау тетіктерін және мультимедиалық платформалардың жұмысын көрді. Сонымен қатар, компания мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, медиа саласындағы қазіргі трендтер мен кәсіби талаптар жөнінде әңгіме өрбітті.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибеден өту және болашақтағы мансап мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Экскурсия болашақ журналистер үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берген маңызды танымдық алаңға айналды.