
Әділ Қуанышбекұлы Сейфуллин
Басқарма төрағасы
Әділ Қуанышбекұлы Сейфуллин 1995 жылы 9 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
2021 жылы «Қазақпарат» ХАҚ акционерлік қоғамының жобаларды ілгерілету департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
2022-2024 жылдар аралығында Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Хабар» агенттігінің «El arna» арнасының бас продюсері болып жұмыс істеді.
Бірқатар телевизиялық бағдарламалардың авторы және продюсері.
Соңғы жылдары SAYASAT.KZ және QOGAM news жобаларын дамытуға қатысты.
2025 жылғы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әділ Қуанышбекұлы Сейфуллин 2026 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2026 жылғы 4 маусымнан бастап «Qazcontent» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.