06.11.2026

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар – әлеуетті өнім берушілер үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарландыру – AI видеороликтерін жасау

  • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
  • Қызметтің атауы: AI видеороликтерін жасау;
  • Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: келісімшарт жасалған күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
  • Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
  • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
  • Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 13 қараша сағат 18:00-ге дейін;
  • Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2026 жылғы 19 қараша сағат 11:00;
  • Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 21 400 000 теңге.

 

Қосымша:

  1. әлеуетті өнім берушілердің толтыруы үшін өтінім нысаны * (жүктеу, өтінімді толтыру);
  2. әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары *;
  3. бекітілген техникалық ерекшелік ;
  4. шарттың үлгілік нысаны.

* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс