ADEBIPORTAL.KZ цифрлық кітапханасы мен «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасын көрмеде таныстырды

Елордада өткен OQY BOOK FEST фестивалі қаланың әдеби өміріндегі ең жарқын мәдени шаралардың бірі ретінде өз мәресіне жетті. Биыл ұйымдастырушылар дәстүрлі кітап жәрмеңкесінен бөлек, интерактивті форматқа ерекше назар аударды. Соның арқасында кітап мәдениеті авторлар мен оқырмандар арасындағы ашық диалогқа, кітап алмасуға және цифрлық әдеби жобаларды таныстыруға ұласты.

Фестивальдің ең көп қызығушылық тудырған аймақтарының бірі- буккроссинг алаңы болды. Мұнда әрбір қонақ өзімен бірге әкелген кітабын басқа кітапқа тегін айырбастай алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында жүздеген кітап оқырманнан оқырманға өтіп, ерекше «тірі кітап тізбегін» қалыптастырды.

Келушілер үшін маңызды жаңалықтардың бірі ADEBIPORTAL.KZ цифрлық платформасының таныстырылымы болды. Бұл онлайн кітапханада қазақ әдебиетінің мыңдаған электронды және аудиокітаптары жинақталған. Қонақтар шығармаларды оқып қана қоймай, қазақ тіліндегі аудионұсқаларды тыңдап, заманауи авторлардың сұхбаттары мен жеке парақшаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасына арналған арнайы бөлім де жұмыс істеді. Аталған тізім жалпыұлттық сауалнама негізінде іріктелген туындылардан құралған. Жобаның негізгі мақсаты — қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту және ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау.

Шараның түрлі алаңдарында фэнтези, ғылыми фантастика, заманауи проза және жасөспірімдер әдебиеті бағытында қалам тербеп жүрген авторлар оқырмандармен кездесті. Олардың қатарында Вилл Нокс, Дана Найдер, Артем Уразимбетов, Мая Сара және өзге де жазушылар болды. Қаламгерлер жаңа туындыларын таныстырып, шығармашылық жолдары туралы әңгімелеп, оқырмандар қойған сұрақтарға жауап берді.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент (ақпараттық жаңалықтар) дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 28 мамыр.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Qazcontent» астаналық оқушыларды медиасаладағы мамандықтармен таныстырды

Кездесу барысында оқушылар заманауи медиаиндустрияның ерекшеліктерімен танысып, журналистика, SMM, digital-контент жасау, мобилография және PR туралы пайдалы ақпарат алды. Медиадағы жасанды интеллекттің рөліне ерекше назар аударылды: мәтіндерді нейрожелі арқылы генерациялауға, суреттерді өңдеуге, аудиторияны талдауға және күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға қалай көмектесетіні түсіндірілді. Согынмен қатар, қатысушылар медиадағы жұмыс ерекшелігі, қазіргі трендтер және ЖИ технологияларын интеграциялау аясында саланың даму келешегі туралы мамандардан практикалық кеңестер естіді.

Мастер-класс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, контент жасау процесімен жақынырақ таныса алды.

Qazcontent

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың медиасауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандардың кәсіби бағдарына көмектесу.

«Qazcontent» қызметкері креативті индустрияның жаңа мүмкіндіктері жайлы баяндама жасады

IV PR Room Creative Industries Forum медиа PR, кино, музыка индустриясы, digital және креативті бизнес өкілдерін креативті экономиканың инвестициялық әлеуеті мен өзекті трендтерін талқылау үшін бір алаңға жинады. Форум аясында қатысушылар стриминг платформаларының дамуы, YouTube пен TikTok-тың медиа нарыққа әсері, музыка индустриясының трансформациясы, заманауи PR құралдары және контентті монетизациялаудың жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында креативті индустрияларды заманауи экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар digital-контентке, музыкалық продакшнға, киноиндустрияға және жаңа медиаға инвесторлардың қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Qazcontent

Форумға «Qazcontent» креативті дирекциясының жетекшісі Нұрлан Нұрыш қатысты. Ол өз сөзінде креативті нарықты дамыту, сапалы визуалды әрі мағыналық контенттің маңызы туралы ой бөлісіп, цифрлық платформалар дәуірінде брендтер мен жобаларды ілгерілетудің жаңа тәсілдері жөнінде айтты.

Нұрлан Нұрыштың айтуынша, бүгінгі таңда креативті индустриялар мәдени ықпал етудің құралы ғана емес, сонымен қатар инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қабілетті экономиканың толыққанды секторына айналып отыр.

«Qazcontent» журналистері спартакиадада топ жарды

«Qazcontent» ұжымының қызметкерлері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты бағынысты ұйымдар арасында өткен спартакиадаға белсенді қатысты.

Біздің қызметкерлер шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол және қазақ күресі секілді жарыстарда бақ сынап, жоғары белсенділік танытты.

Атап айтқанда, El.kz порталы бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров шахматтан ерлер арасында І орын иеленді. Сондай-ақ, Baq.kz тілшісі Гүлжан Раманқұлова да тамаша өнер көрсетті. Ал командалық есепте ұжымымыз ІІ орынға тұрақтады. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ бойынша Креативті контент дирекциясының сценарист-редакторы Томирис Қазыбекова жүлделі ІІІ орынға ие болса, командалық есепте командамыз ІІ орынды қанжығасына байлады.

15.05.2026 жылғы №36 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:

  1. «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент (ақпараттық жаңалықтар) дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 21 мамыр.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Qazcontent» Maqsut Narikbayev University студенттеріне «Ашық есік» экскурсиясын өткізді

«Qazcontent» Maqsut Narikbayev University журналистика факультетінің студенттеріне «Ашық есік» экскурсиясын өткізді. Іс-шара барысында студенттер медиа-холдингтің жұмысымен танысып, заманауи цифрлық журналистиканың ерекшеліктері туралы ақпарат алды.

Экскурсия аясында қатысушылар редакция бөлімдерін аралап, контент әзірлеу процесін, жаңалықтарды жариялау тетіктерін және мультимедиалық платформалардың жұмысын көрді. Сонымен қатар, компания мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, медиа саласындағы қазіргі трендтер мен кәсіби талаптар жөнінде әңгіме өрбітті.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибеден өту және болашақтағы мансап мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Экскурсия болашақ журналистер үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берген маңызды танымдық алаңға айналды.

 

«Qazcontent» басқарма төрағасы Айна Задабек халықаралық Business Technology Expo 2026 форумына қатысты

Астанада халықаралық Business Technology Expo 2026 форумы өз жұмысын бастады. Форумның іскерлік бағдарламасы аясында қатысушылар бизнеске арналған жасанды интеллект, Data Science және Agentic AI, цифрлық трансформация, HR-tech, маркетинг және бизнес-процестерді автоматтандыру тақырыптарын талқылауда. Негізгі назар AI технологияларын басқару, қаржы, сату және операциялық қызметте қолдану, гибридті AI-архитектураларды дамыту, үлкен деректермен жұмыс, бұлтты жүйелер және маркетингтік жекелендіру мәселелеріне аударылған.

Айна Задабек өз баяндамасын қазіргі медиа кеңістіктегі ең өзекті мәселелердің бірі – фейк ақпараттың таралуы және ақпаратты тексерудегі жасанды интеллекттің рөліне арнады. Ол ақпараттың өте жылдам таралатын кезеңінде редакциялар үшін контенттің жеделдігімен қатар оның нақтылығы мен сенімділігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде жасанды интеллект медиаиндустрия үшін маңызды құралға айналып отыр. «Qazcontent» компаниясында 2024 жылдан бастап контент жасау, фактчекинг, деректерді өңдеу және аудиториямен өзара байланыстың жаңа форматтарын дамыту бағытында AI-шешімдер енгізілуде.

Мысал ретінде E-History.kz порталы аталды. Онда жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы материалдар көлемін арттырып, шағын редакциялық құраммен ғана аудиторияның белсенділігін күшейтуге мүмкіндік берген.

Сондай-ақ, баяндама барысында фейк ақпаратпен күрес мәселесіне де ерекше назар аударылды. Басқарма төрағасы жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде ақпарат көздерін тексеру, деректердің шығу тегін талдау және олардың шынайылығын сыни тұрғыдан бағалау дағдылары аса маңызды болып қала беретінін атап өтті.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, El.kz интернет порталы.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Видео контент дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы автор-жүргізуші маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 15 мамыр.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

1.Әлеуетті жеткізушілерге арналған өтінім нысаны (өтінімді жүктеп алып, толтырып, талап етілетін құжаттардың скан нұсқасын қоса тіркеп, көрсетілген корпоративтік электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет).

2.Әлеуетті жеткізушіге қойылатын біліктілік талаптары PDF форматында.