23.09.2026 жылғы №45-1 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ №1

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1) Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, Мультимедиалық қамтамасыз ету басқармасы.

2) Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: Медиa өндіріс және цифрлық контент саласындағы бейнематериалдарды өңдеу жөніндегі маман; монтаждау, түсті түзету, дыбыспен жұмыс, графика және визуалды эффектілерді кәсіби деңгейде жүзеге асырып, біртұтас, әсерлі әрі бәсекеге қабілетті медиaөнім жасайды;

3) Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:  offer@qcontent.kz;

4) Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:

  • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 28 қыркүйек, 18:00;
  • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).

5) Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі

аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

QAZCONTENT тілшісі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

QAZCONTENT медиакомпаниясына қарасты El.kz порталының тілшісі Ажар Лаубаева мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қазақ тіліндегі сапалы медиаконтентті дамытуға бағытталған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

Байқау қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілде кәсіби журналистік материалдар әзірлейтін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ынталандыру және үздік медиажобаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Биылғы байқауға республиканың түкпір-түкпірінен журналистер қатысып, мемлекеттік тіл тақырыбын түрлі жанрда көтерген материалдарын ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары мазмұны, өзектілігі, тілдік сапасы және журналистік шеберлігі тұрғысынан бағаланды.

El.kz тілшісінің байқауда жеңімпаз атануы – редакция ұжымының мемлекеттік тілдегі сапалы контент әзірлеуге және қазақтілді аудиторияға өзекті ақпарат ұсынуға бағытталған жұмысының нәтижесі.

Журналистика саласында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту – ақпарат құралдарының маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта El.kz редакциясы қоғамдық маңызы бар тақырыптарды қазақ тілінде жедел әрі сапалы жариялап, отандық медиакеңістіктің дамуына үлес қосып келеді.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауындағы жеңіс El.kz ұжымының мемлекеттік тілдегі журналистиканы дамытуға деген ұстанымын айқындай түседі.

17.09.2026 жылғы №45 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ №4

17.09.2026 жылғы №45 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ №3

17.09.2026 жылғы №45 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ №2

17.09.2026 жылғы №45 ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ №1

17.09.2026 жылғы №44-1 ХАТТАМАДАН №2 ҮЗІНДІ

17.09.2026 жылғы №44-1 ХАТТАМАДАН №1 ҮЗІНДІ

QAZCONTENT қызметкері Махат Садыққа «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табысталды

Аталған мерейтойлық медаль қазақстандық парламентаризмнің, заңнамалық жүйенің және мемлекеттік институттардың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.

Махат Садық – отандық журналистика саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Ол ұзақ жылдар бойы республикалық телеарналарда еңбек етіп, түрлі басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметін басқарған.

Кәсіби жолында ол мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайтуға, маңызды қоғамдық-саяси ақпаратты халыққа сапалы жеткізуге өз үлесін қосты.

 

Қазіргі таңда Махат Садық QAZCONTENT ұжымының дамуына белсенді атсалысып, жас журналистерге бағыт-бағдар беріп, өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар түрлі бағдарламаларды жүргізіп, отандық медианың дамуына өз үлесін қосуда.

Бұл марапат – оның журналистика мен медиа саласындағы көп жылғы еңбегіне берілген жоғары баға.