«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды
| 1) Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 ғимарат., 2 т.е.ү.,телефон: +7 7172 64-95-60, E-mail: info@qcontent.kz
2) Қызмет атауы: «El.kz» интернет порталына мультимедиалық контент өндіру және сатып алу қызметтері 3) Көрсетілетін қызметтердің көлемі: Сұхбаттар мен дайджестің жалпы хронометражы кемінде 500 минутты құрауы тиіс. Бір сұхбаттың хронометражы кемінде 40 минутты, ал бір дайджест хронометражы кемінде 16 минутты құрауы тиіс. 4) Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша 5) Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін. 6) Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар: · құқықтық қабілеттілігінің болуы; · тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы; · банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс; · ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері); · өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы. 7) Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс. 8) Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. 9) Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным. 10) Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. 11) Өтінімдер 2025 жылғы 24 қыркүйекке 18:00-ге дейін (қоса алғанда), info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс. 12) Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 25 қыркүйек 18:00-ге дейін. 13) Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 13 392 500 (он үш миллион үш жүз тоқсан екі мың бес жүз) теңге. 14) Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50. |