03.09.2025

«Әдебиет порталына» мультимедиалық контент өндірісі бойынша қызметтерді сатып алу

1)     Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 ғимарат., 2 т.е.ү.,телефон: +7 7172 64-95-60, E-mail: info@qcontent.kz

2)     Қызмет атауы: «Adebiportal.kz» интернет порталына мультимедиалық контент өндіру және сатып алу қызметтер

3)     Көрсетілетін қызметтердің көлемі: Жалпы хронометражы 200 минут 8 бейнебағдарлама. Әр бейнебағдарламаның хронометражы 25 минуттан кем болмауы тиіс.

4)     Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

5)     Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 30 қарашаға дейін.

6)     Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

·     құқықтық қабілеттілігінің болуы;

·     тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

·     банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

·     ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

·     өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы.

7)     Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс.

8)     Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

9)     Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным.

10) Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

11) Өтінімдер 2025 жылғы 15 қыркүйекке 18:00-ге дейін (қоса алғанда), info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс.

12)  Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 16 қыркүйек 18:00-ге дейін.

13)  Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 5 357 000 (бес миллион үш жүз елу жеті мың) теңге.

Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

Қызметтің техникалық сипаттамасы

Шарт жобасы.