«Qazcontent» АҚ №11 Хаттамадан үзінді

«Әдебиет порталына» мультимедиалық контент өндірісі бойынша қызметтерді сатып алу

Мекен жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 64-95-60

Email: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

«Әбедиет порталы» мультимедиалық контент өндіру және сатып алу қызметтерінің

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

  1. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:

«Әдебиет порталы» үшін мультимедиалық контентті дайындау.

Қызметке қойылатын талаптар:

Видеоматериалды монтаждау;

Барлығы 8 бейнематериал, әр бейнематериал 25 минуттан. Жалпы ұзақтығы 200 минут.

Материалға қойылатын негізгі талаптар:

  • жобаны іске асыру шеңберінде шынайы ақпаратты (фактілерді, сандарды, болжамдарды) қамтитын материалдарды дайындау;
  • осы Шарт шеңберіндегі материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
  • әрбір материал сапалы бейнемен, таза дауыспен сүйемелденуі керек (кемінде Full HD, 4-5 видеокамера );
  • бейнематериалды визуалды өңдеу (түстерді түзету);
  • жобаның контенін ілгерілету түрінде әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қосымша бейне дайындау.

Қызмет көрсету кезінде мынадай мазмұндағы контентті (материалдарды) орналастыруға тыйым салынады:

  • жобаға қатысы жоқ кез-келген компанияның, сайттың жарнамалық сипаттағы материалдары;
  • үшінші тұлғалардың адамгершілігіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне қатер төндіретін, қорлайтын материалдар;
  • порнографиялық сипаттағы материалдар;
  • нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және/немесе кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты қоздыруға ықпал ететін, зорлық-зомбылық немесе жануарларға адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрінісін қамтитын материалдар және т. б.

 

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ НЫСАНЫ

– Жұмыстар аяқталғаннан, қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей орындалған қызмет туралы есепті қағаз және электрондық нұсқада тапсыруға міндетті.

– Орындаушының тиісті қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар – Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі және тараптар қол қойған қағаз нұсқада, электрондық жеткізгіштерде көрсетілген қызметтер туралы есеп.

– Орындаушы Тапсырыс берушінің талаптары мен ескертулеріне сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет көрсету туралы есепті аяқтауға міндетті.

 

 ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ  ҚҰРАМЫНА, МЕРЗІМДЕРІ МЕН МӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

№        Көрсетілетін қызмет атауы         Мазмұнына қойылатын талаптар  

  1. Әдеби шығармалар талдау. «100» кітап жобасы видеоның негізгі тақырыбы, ток-шоу форматында,

студияға келген бірнеше сарапшылар анықталған 100 кітап тізімін

топтастыра отырып сараптайды, қазақ аудиториясына,

халыққа түсінікті тілде жеткізіп отыруға бағытталған.

Студияда жүргізуші спикерлерді келістіріп студияға шақырады.

 

 ОРЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ

бейне, аудиоматериалдар, сұхбаттар дайындау үшін қажетті біліктіліктің болуы;

контент өз өндірісінің өнімі болуы тиіс.

 

ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызмет көрсету нәтижелері осы техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімде және нысанда ұсынылуға тиіс.

Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін өнімге барлық құқықтар Тапсырыс берушіге беріледі. Төлем техникалық ерекшелікте көрсетілген көлемге ғана төленеді, тіпті бағдарламаларын ұзақтығы берілген уақыттан көп болса – оған қосымша төленбейді.

“Qazcontent” АҚ ұйымдастырған жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану тақырыбындағы тренинг өтті.

«Qazcontent» АҚ-да PR-мамандары мен журналистер үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша практикалық тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушылар ЖИ-нің көмегімен кәсіби міндеттерді шешуді үйренді: баспасөз релиздерін жазу, министрдің сөзін әзірлеу және оны әртүрлі тыңдаушыларға бейімдеу, фактілерді жинақтау және анықтамалық құжаттар құрастыру.

Тренингтің екінші бөлімінде мамандар генеративті нейросетьтермен танысты. PR-мамандар жасанды интеллекттің қолдауымен мультимедиялық контент (аудио, фото, бейне) жасауды тәжірибеде сынап көрді.

«Qazcontent» АҚ ақпараттық-коммуникациялық сала мамандарының цифрлық дағдыларын дамытуды жалғастырады. Компания болашақта да арнайы білім беру бағдарламалары арқылы жасанды интеллекттің кәсіби қызметтегі интеграциясы мен тиімді қолданылуын қолдауға бағытталған.

«Baq.kz» порталына мультимедиалық контент өндірісі бойынша қызметтерді сатып алу

Мекен жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 64-95-60

Email: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 4 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

«Baq.kz» ақпараттық агенттіне мультимедиалық контент

өндіру және сатып алу қызметтерінің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

  1. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:

«Baq.kz» интернет портал үшін мультимедиалық контентті дайындау және жариялау:

Материалға қойылатын негізгі талаптар:

  • жобаны іске асыру шеңберінде шынайы ақпаратты (фактілерді, сандарды, болжамдарды) қамтитын материалдарды дайындау;
  • тапсырыс берушінің жобаны іске асыратын тақырыптар мен спикерлердің тізімін жұмыс тәртібінде дайындау және бекіту;
  • осы Шарт шеңберіндегі материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
  • әрбір материал сапалы бейнемен, таза дауыспен сүйемелденуі керек (кемінде Full HD, 2 видеокамера );
  • бейнематериалды визуалды өңдеу (түстерді түзету);
  • жобаның контенін ілгерілету түрінде әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қосымша бейне дайындау;
  • Жобаны ілгерілету үшін бағдарламаға сілтемені кемінде 3 әлеуметтік желі алаңында, жалпы аудиториясы кемінде 100 мың жазылушысы бар беттерде жариялау.

 

Қызмет көрсету кезінде мынадай мазмұндағы контентті (материалдарды) орналастыруға тыйым салынады:

  • жобаға қатысы жоқ кез-келген компанияның, сайттың жарнамалық сипаттағы материалдары;
  • үшінші тұлғалардың адамгершілігіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне қатер төндіретін, қорлайтын материалдар;
  • порнографиялық сипаттағы материалдар;
  • нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және/немесе кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты қоздыруға ықпал ететін, зорлық-зомбылық немесе жануарларға адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрінісін қамтитын материалдар және т. б.

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ НЫСАНЫ

Жұмыстар аяқталғаннан, қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей орындалған қызмет туралы есепті қағаз және электрондық нұсқада тапсыруға міндетті.

Орындаушының тиісті қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар – Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі және тараптар қол қойған қағаз нұсқада, электрондық жеткізгіштерде көрсетілген қызметтер туралы есеп.

Орындаушы Тапсырыс берушінің талаптары мен ескертулеріне сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет көрсету туралы есепті аяқтауға міндетті.

 ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ  ҚҰРАМЫНА,

МЕРЗІМДЕРІ МЕН МӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Көрсетілетін қызмет атауы Мазмұнына қойылатын талаптар Орналастыру және ілгерлету талаптары
1. Экономикалық шолу. Видеожоба экономика, қаржы, биржа салаларында орын алып жатқан жаңалықтарды сараптап, қазақ аудиториясына, халыққа түсінікті тілде жеткізіп отыруға бағытталған. Студияда жүргізуші Қазақстандағы және әлемдегі соңғы аптадағы экономикалық ақпараттарды талдайды.. Бағдарлама Baq.kz порталының Youtube-тегі арнасында жүктеледі. Жобаны ілгерілету үшін бағдарламаға сілтемені кемінде 3 әлеуметтік желі алаңында, жалпы аудиториясы кемінде 100 мың жазылушысы бар беттерде жариялау

 ОРЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • бейне, аудиоматериалдар, сұхбаттар дайындау үшін қажетті біліктіліктің болуы;
  • контент өз өндірісінің өнімі болуы тиіс.         

ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызмет көрсету нәтижелері осы техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімде және нысанда ұсынылуға тиіс.

Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін өнімге барлық құқықтар Тапсырыс берушіге беріледі. Төлем техникалық ерекшелікте көрсетілген көлемге ғана төленеді, тіпті бағдарламаларын ұзақтығы берілген уақыттан көп болса – оған қосымша төленбейді.

«Сөзмерген – 2025» қалалық шешендік өнер сайысы өтті

Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Сөзмерген – 2025» атты қалалық шешендік өнер сайысы өз мәресіне жетті.  Әр саладан келген 18-45 жас аралығындағы үміткерлер қатарында – журналистер, мектеп мұғалімдері, мәдени мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері сөзден маржан төгіп, ойын айшықты тілмен жеткізіп, сайыстың көрігін қыздырды.

Әділқазылар алқасы құрамында белгілі қаламгер, журналист-этнограф Бекен Қайратұлы, «Жайдарман» жобасының жетекшісі, “Құрмет” орденінің иегері Есен Елеукен, ақын, қоғам қайраткері, «Жастар» театры директорының орынбасары Мақпал Мыса,  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Кітап ісі басқармасының сарапшысы Айбала Бекмұханбет,  Журналист, медиа-менеджер Мәди Манатбек сынды елге танымалы тұлғалар болды.

Төрт кезеңнен тұратын сөз өнер байқауының алғашқы кезеңі – «Мен, мен, мен едім…» тақырыбына қатысушылар жеребе арқылы таңдалып, реттік нөмірі бойынша өнер көрсетті. Әр қатысушыға ситуациялық тапсырма ретінде қоғамдағы бір дауды ұсынды да, қатысушы сол ситуациядан қалай шығып, дауды қалай шеше алатын сөз тапқыштығы сыналды. Кейбір қатысушылар тақырыпты түсінгенмен, сөз саптау барысында қойылған талаптардан ауытқып жатса, кейбір қатысушы алғашқы кезеңнің талабын түсінбестен, сөзі бір жақта, ойы бір жақта шашырап жатты.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша қатысушы үміткердің үшеуі сүрініп, қалған үміткерлер келесі «Ділмар» атты екінші кезеңге өтті. Екінші кезең талабы бойынша қалған үміткерлер экрандағы ұяшықтан таңдаған тақырып негізінде сөз сөйлеп, ой-пікірін ортаға салып жатты. Уақыт қысқа, үш минуттық уақытқа ойын жинақтап, өзі таңдап алған тақырып бойынша сөзін дәйекті жеткізіп шығу шынында қатысушыларға оңайға соққан жоқ. Бұл кезеңнен де сүрінген қатысушылар үшінші кезеңнің  «Тобықтай түйін» атты сайысына қатыса алмады.

Үшінші кезеңде алдыңғы кезеңнен ең жоғары ұпай алған төрт қатысушы бақ сынап, «Әлеуметтік желідегі дауды бір ауыз сөзбен тоқ етерін айтып, түйінін шешу» – деген тақырып ұсынылды. Қатысушыларға: «Қазіргі аста-төк тойдың қоғамға тигізіп жатқан зардабы, минимализім тойды қалай жасаса болады» тақырыбында әлеуметтік желіге қандай пост жазар едіңіз деген талаппен бес минуттық уақыт берілді. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен екі қатысушы ақтық кезең «Жиреншенің жолы» атты сөз сайысына түспестен, бір-біріне құрмет қылып, «үлкен алдында жас қарызы» деген қазақы қалыпты паш етті.

Байқауға қатысушыларды  қазылар алқасы ұпай арқылы бағалады. Қазылар шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы диплом табысталады. Сөз сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде – 300 000 теңгеге «Әдебиет порталының» қызметкері, ақын Ықылас Ожайұлы ие болса, бірінші орын – 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа Жанболат Шәкім ие болды. Екінші орын әр қатысушы 100 000 теңгеден Қабиден Қуанышбай мен Бағлан Оразалыға бұйырса, үшінші орынды екі жеңімпаз – 75 000 теңгеден Ардаби Мәулет пен Бекзат Құлшар иеленді.  Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген, қазақ тілінің шұрайын танытып, ой қуатының үстемдігін көрсеткен бұл сайыс осылайша өз мәресіне жетті.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті

“Qazcontent” АҚ ұйымдастырған журналистерге арналған жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану тақырыбындағы тренинг өтті. Іс-шараға әртүрлі БАҚ өкілдері, тәжірибелі тілшілер мен жас журналистер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тренингтің мақсаты – ақпарат саласында жұмыс істейтін мамандарға ЖИ құралдарын тиімді қолдану арқылы жұмыс өнімділігін арттыруға, жаңа идеялар табуға және контент сапасын жақсартуға көмектесу. Бағдарлама екі сағатқа созылып, қатысушыларға теория мен практиканы үйлестірген жан-жақты тәжірибе берді.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

Сабақ барысында тренерлер ChatGPT және басқа да заманауи ЖИ модельдерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар жаңалық мәтінін жедел дайындау, материалдарды рерайт жасау, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару, репортаждар мен мақалаларға идея табу, сұхбатқа сапалы сұрақтар құрастыру, сценарий мен ресми құжаттар әзірлеу, сондай-ақ аудио және видео контент жасау тәсілдерін меңгерді.

Практикалық бөлімде қатысушылар шағын тапсырмалар орындап, бірден ЖИ құралдарының артықшылықтарын өз тәжірибесінде байқады. Әр тапсырма нақты журналистік жағдайларға негізделіп жасалды, бұл алынған білімді тікелей жұмыс процесінде қолдануға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың жиі өтуін қолдайтындарын айтты.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

“Qazcontent” АҚ алдағы уақытта да ақпарат саласы мамандарына арналған білім беру бағдарламаларын жалғастырып, жасанды интеллектті кәсіби ортада кеңінен қолдануға ықпал етуді жоспарлап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @qazcontent_official

“Qazcontent” АҚ журналистерге арналған тегін ЖИ тренингтерін өткізеді!

Ақпарат саласында жұмыс істейтіндер үшін жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану жолдарын үйренгіңіз келе ме? Онда осы тамыз айында өтетін тренингтерге қатысыңыз!

Тақырып: Ақпарат саласындағы ЖИ құралдары: практика мен мүмкіндіктер
Күндері: 8, 15 және 22 тамыз 2025 ж.
Басталу уақыты: 15:00
Ұзақтығы: 2 сағат
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-үй, 4-қабат
Сертификат: барлық қатысушыларға беріледі
Қатысу: тегін
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз

Тренинг барысында:
– ChatGPT және басқа ЖИ құралдарымен танысасыз
– Жаңалықтар жазу, аударма жасау, репортаж дайындау, сұхбатқа сұрақ құрастыру, креативті идеялар табу жолдарын үйренесіз
– Практикалық тапсырмалар арқылы машықтанасыз

Орныңызды алдын ала қамтамасыз етіңіз – орындар шектеулі!

Балажан Серғали Абайұлы «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Серғали Абайұлы Балажан «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1987 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы  (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2009 жылы  «Қазақстан–Шымкент» телерадиокомпаниясында тілші болып бастады.

Еліміздің жетекші медиа саласында басқарушылық тәжірибесі бар, оның ішінде «Алматы» телеарнасының маркетинг департаментін, «Azattyq-Ruhy» редакциясын басқарған және «AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Журналистердің кәсіби мерекесінде “Qazcontent” АҚ бірқатар қызметкері пәтерлі болды

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен медиа саласының 66 қызметкеріне пәтер сертификаты тапсырылды.

Бұл шара осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2023 жылы – 65, 2024 жылы 67 отбасыға баспана берілді.

Атап өтерлік жайт, баспана шын мұқтаж әріптестерге берілді. Олардың әлеуметтік жағдайы ерекше ескерілді.
Мәселен, биыл пәтерлі болған азаматтар қатарында 10 көпбалалы отбасы, 9 жалғызбасты ана бар. Сондай-ақ 12 отбасы мүмкіндігі шектеулі бала асырап отыр немесе ерлі-зайыптылардың біреуі денсаулығына байланысты еңбек етуге жарамсыз.

БАҚ саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген, бірақ еңбегі көп елене бермейтін режиссер, оператор, фотограф, монтажер, корректор секілді техникалық мамандар да қамтылды. Енді ғана шаңырақ көтерген отбасыларды, жас мамандар пәтерлі болды.

Кәсіби мереке қарсаңында үйлі болған медиа мамандарының арасында “Qazcontent” АҚ бірқатар қызметкері де бар.

“Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне қашан да ықыласы ерекше. Журналистер қауымының баспаналы болуы – зор қуаныш әрі мемлекет тарапынан лайықты қолдау”, – деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қазақстан Президенті БАҚ өкілдерін марапаттады

2025 жылдың 24 маусымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай БАҚ саласының өкілдерін мемлекеттік марапаттармен марапаттады.

Мемлекет басшысы журналисттерді мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
«БАҚ халықтың дауысы, ал журналистер шынайы ақпараттың таратушылары ретінде құрметке ие. Сіздер мемлекет пен қоғам арасындағы көпір болып, азаматтарға реформалар мен мемлекеттік саясаттың мәнін түсінуге көмектесесіздер. Бұл шынымен де жеңіл жұмыс емес және ол әркімнің күшіне жарамайды», – деп атап көрсетті Тоқаев.
Марапатқа ие болғандардың қатарында “Qazcontent” АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Махат Кабирұлы Садық та бар. Әріптесіміз Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды

https://t.me/aqorda_resmi/25502?single