Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

  • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
  • Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: «Желілік жабдықты әкімшілендіру жөніндегі маманның қызметі»
  • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
  • Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін

 

Қосымша:

 

* – сканерленген нұсқада сұратылған құжаттар пакетін қоса беру және көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберу

Қазақстан мен Ресей медиаәріптестігін нығайтады

2025 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан-Ресей медиафорумының екінші сессиясы өтті.

Қазақстан делегациясының құрамына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кірді, ал Ресей делегациясын РФ Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары, РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков басқарды.

Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені өткізді. Бұл іс-шара 2024 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен Бірінші Қазақстан-Ресей медиафорумында ИТАР-ТАСС ұсынған бастаманың жалғасы болып табылады.

Aljazeera мен QazСontent компаниялары серіктестік мәселесін талқылады

Халықаралық Aljazeera телеарнасының өкілдері – жарнама департаментінің басшысы Хафез Аль-Ава мен коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджері Мохамед Хамад QazСontent медиакомпаниясына келді.

Делегация Астанаға ұлттық медиаорталықтың жұмысымен танысып, ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін ат басын бұрған. Қонақтарға редакцияның саясаты, мультимедиялық өндіріс ерекшеліктері, материалдарды дистрибуциялау жүйесі және жаңалықтар ағынын басқарудың заманауи тәсілдері таныстырылды.

Тараптар жасанды интеллектті медиа үдеріске енгізу мәселесіне де ерекше назар аударды.

QazСontent өзінің жаңа буындағы мультимедиялық контентін жасауға мүмкіндік беретін AI-құралдарын, автоматтандыруға арналған шешімдері мен AI-Lab жобаларын таныстырды. Сонымен қатар делегация өкілдеріне компанияның креативті, деректі және халықаралық бастамалары мен қолданыстағы цифрлық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында алдағы ынтымақтастық перспективалары – бірлескен жобалар, тәжірибе алмасу, халықаралық медиафорумдарға қатысу және инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Aljazeera өкілдері QazСontent -тің даму деңгейіне жоғары баға беріп, серіктестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.

«Тарихи quiz» жастар назарын өзіне аударды.

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тарихи quiz» интеллектуалдық жарысы өтті. Ол Қазақстан тарихы кафедрасы мен e-history.kz порталының бастамасымен ұйымдастырылды. «Күлтегін» алаңында 8 команда – студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар – тарихи білімдері мен дауыс пікірлерімен бақ сынасты. Бұл іс-шара ұлт тарихын заманауи түрде таныстыруға және жастардың зияткерлік мәдениетін арттыруға бағытталды.

Қазіргі жастар арасында тарихи викториналар мен интеллектуалдық байқаулар өте танымал. Бұл формат студенттерге жай ғана білімін сынау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар жылдам ойлау, сыни тұрғыдан талдау және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Дәл осы тенденцияның айқын дәлелі ЕҰУ-де өткізілген «Тарихи куиз» болды. Сайыс басталар-басталмас, залда бірден қызу тыныс орнап, қатысушылар да, көрермендер де толық оқиғаға еніп кетті.

Іс-шара аяқталған соң ұйымдастырушылар «Тарихи quiz» жобасын тұрақты форматқа айналдыру жоспарларын жариялады. Болашақта осындай ойындарды үнемі өткізу, әртүрлі факультеттерден студенттерді тарту және форматты кеңейту көзделіп отыр.

 

Астанада елдің ең ірі медиафорумы Astana Media Week 2025 аяқталды. Оған Қазақстаннан және шетелдерден мыңнан астам қатысушы жиналды.

Елордада БАҚ өкілдерінің басын қосқан Astana Media Week 2025 форумы өтті. Үш күн бойы қатысушылар журналистиканың болашағы, жасанды интеллект дәуіріндегі медиа, ұлттық контенттің дамуы тақырыптарын талқыланып, саладағы өзекті мәселелерді шешу жолын ұсынылды.

Биылғы форумға бұқаралық ақпарат құралдарының мыңнан аса өкілі қатысуда. Басым бөлігі қазақстандық телеарна, радио, газет-журналдар қызметкерлері. Сондай-ақ 65 спикер сөз сөйледі. Олардың арасында сала сарапшылары, тәуелсіз журналистер, Орталық Азия елдері мен Европа, Қытай және Әзербайжаннан келген әріптестеріміз бар.

2025 Astana Media Week медиа саласына қосқан үлесі үшін марапаттар тапсырумен аяқталды. Форум жаңа жобалар мен серіктестіктерді туғызып, қазақстандық БАҚ-тардың жаһандық бәсекеге дайын екенін дәлелдеген жаңашыл ойлардың нағыз мерекесіне айналды. Бұл іс-шара оны болашақ медианың қалыптасатын негізгі инновациялық алаңы ретіндегі мәртебесін бекітті.

“Qazcontent” АҚ түркітілдес ақпарат агенттіктері одағының (АТNA) төрағалығын қабылдады.

Қазақстанның астанасында Түркітілдес ақпарат агенттіктері одағының (АТNA) отырысы өтті. Оның нәтижесінде ұйымда келесі екі жылға төрағалық ету құқығы Түркиядан Қазақстанға өтті.

Одақты басқару өкілеттігі енді түркі әлемінің жетекші медиаресурстарын біріктіретін “Qazcontent” АҚ-на жүктелді.

Кездесу барысында делегация мүшелеріне Qazcontent компаниясының қызметі, мультимедиялық студиялары мен цифрлық контент өндірісі таныстырылды. Сондай-ақ, қонақтарға Қазақстанның медиа нарығының даму тенденциялары және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды басқару бойынша тәжірибе ұсынылды.

«Qazcontent» АҚ төрағасы Айна Задабек өз кезегінде, төрағалықтың Қазақстанға өтуінің түркі мемлекеттері арасындағы медиааралық ынтымақтастықты дамытудағы еліміздің рөлін мойындаудың дәлелі екенін атап өтті.

“Бұл Qazcontent үшін үлкен марапат және серіктестердің сенімінің белгісі. Егер бұрын Одақ ұйымдастырушылық мәселелерге баса назар аударса, қазір біз мазмұнды жобаларға — тәжірибе, ақпарат және технологиялар алмасуына көшеміз. Ерекше назарды жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға аударамыз, олар түркітілдес БАҚ-тарды халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі”, – деді ол.

«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі Көркемдік кеңесі отырысының № 15 ХАТТАМАСЫ

«Qazcontent» ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Республика бойынша өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «Qazcontent» АҚ ұжымы да қатысып, жалпыұлтық іс-шараға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция бүгінде халықтық сипатқа ие болып отыр. Биыл жалпыұлттық іс-шара аясында республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған. Ауқымды акцияға ел бойынша 610 мыңнан астам адам атсалысып, бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде шамамен 90 мың гектар жер тазартылған.

«Qazcontent» АҚ журналисі Нұрлан Нұрыш акцияны қолдап, бұл бастаманың қоғамды біріктіруде әрі экологиялық мәдениетті дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды жалпыұлттық іс-шараға белсене атсалысуға шақырды.

– «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Қазақстанның жері кең, бірақ елімізде орман алқабының үлесі 4 пайыздан сәл ғана асады. Ұлан-байтақ территориямызда орман мен тоғайдың үлесі көп болғаны жақсы. Сондықтан, бұл акцияға баршамыз атсалысуымыз керек. Биыл жалпыұлттық іс-шара аясында елімізде 2 миллионнан астам көшет отырғызылғаны айтылды. Ғажап көрсеткіш!, – деді Нұрлан Нұрыш.

Республика бойынша өткен акцияға «Qazcontent» АҚ ұжымының қызметкерлері белсене атсалысып, Астана қаласында 50 түп көшет отырғызды. Жалпы, «Qazcontent» ұжымы республикалық және қалалық деңгейде өтетін барлық экологиялық акциялар мен

сенбіліктерге тұрақты түрде қатысып келеді.

«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі Көркемдік кеңесі отырысының № 14 ХАТТАМАСЫ

Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30

Өткізілген күні мен уақыты: 03.10.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы:  Балажан Серғали Абайұлы

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар:

  1. Балажан Серғали Абайұлы
  2. Смайлов Жандос Мейірбекұлы
  3. Сағымбеков Ынтымақ Қалқаманұлы
  4. Бекбергенова Молдыр Аскаровна
  5. Хумарзах Алтынбек
  6. Ділдебай Айдын Қайсарұлы
  7. Муратбек Лена
  8. Тоқбай Серікжан

Қатыспағандар: жоқ

Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 8 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы.

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау;
  2. Көркемдік кеңестің төрағасын сайлау;
  3. kz интернет-порталына келген ұсыныстарды қарастыру.

ТЫҢДАЛДЫ

Бірінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

Л. Муратбек: – Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.

Ұсынылды:

Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп «El.kz» интернет-порталының үйлестірушісі А.Бақытқызын сайлау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

А. Бақытқызы көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын!

Екінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

El.kz интернет-порталының бас редакторы Лена Муратбек:

Хатшы сайланды, енді көркемдік кеңестің төрағасын сайласақ. Мен көркемдік кеңес отырысының бастамашысы ретінде Басқарма Төрағасының орынбасары Балажан Серғали Абайұлын  Кеңес төрағалығына ұсынамын. Дауыс берсеңіздер…

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

С.А.Балажан көркемдік кеңестің төрағалығына сайлансын!


«El.kz» интернет-порталының бас редакторы Лена Муратбек:

– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы Қоғамның сайтында мемлекеттік тапсырыс аясында 500 минут көлемінде мультимедиалық контент жасау үшін әлеуетті сыртқы жеткізушілерден шығармашылық ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Талап етілген жанр – сұхбаттар циклін жасау. Үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар келіп түсті.

Ұсынғандар:

  1. Әлеуетті жеткізуші «Сарыбастау» ЖК «Біздің жұлдыз» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш қабылданбады. Себептер: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы.
  2. Әлеуетті жеткізуші «Рысқиев» ЖК «Ащы сұхбат» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш келесі себептер бойынша қабылданбады: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін растайтын құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы.
  3. Әлеуетті жеткізуші AiMedia сұхбаттар циклін ұсынып отыр. Бағдарламаның аты «Заң мен тәртіп» аясында «Қоғам және тәртіп» сұхбат жобасының концепциясын ұсынды. Жобаның мақсаты қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту  және түсінікті тілде ақпарат беру. Жобаның барлық құжаттары толық ұсынылған.

Ұсынылды:

Аталған үш коммерциялық ұсыныстың ішінен «AiMedia» жеке кәсіпкерлігі ұсынып отырған «Заң мен тәртіп» сұхбат жобасы барлық талаптарға сәйкес келді, барлық құжаттарын толық ұсынды. Ал басқа компанияларға құжаттарын түгендеп өткізуі үшін 3 күн уақыт бердік. Алайда, ешбір компания байланысқа шыққан жоқ. Құжаттарын түгел ұсынған,  жобасы да бізге сәйкес келіп тұрған  AiMedia ЖК келісімшарт жасасақ дейміз.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

Көркемдік кеңес мүшелерінің бірауыздан дауыс беруі нәтижесінде «АіМеdia» ЖК «Заң мен тәртіп»   ұсынған жоба лайықты деп танылды.

«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі Көркемдік кеңесі отырысының № 13 ХАТТАМАСЫ

Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30

Өткізілген күні мен уақыты: 29.09.2025ж. сағат 15:00

Төрағасы:  Балажан Серғали Абайұлы

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар:

  1. Балажан Серғали Абайұлы
  2. Смайлов Жандос Мейірбекұлы
  3. Сағымбеков Ынтымақ Қалқаманұлы
  4. Бекбергенова Молдыр Аскаровна
  5. Хумарзах Алтынбек
  6. Ділдебай Айдын Қайсарұлы
  7. Муратбек Лена
  8. Тоқбай Серікжан

Қатыспағандар: жоқ

Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 8 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы.

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау;
  2. Көркемдік кеңестің төрағасын сайлау;
  3. kz интернет-порталына келген ұсыныстарды қарастыру.

ТЫҢДАЛДЫ

Бірінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

Л. Муратбек: – Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.

Ұсынылды:

Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп «El.kz» интернет-порталының үйлестірушісі А.Бақытқызын сайлау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

А. Бақытқызы көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын!

Екінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

El.kz интернет-порталының бас редакторы Лена Муратбек:

Хатшы сайланды, енді көркемдік кеңестің төрағасын сайласақ. Мен көркемдік кеңес отырысының бастамашысы ретінде Басқарма Төрағасының орынбасары Балажан Серғали Абайұлын Кеңес төрағалығына ұсынамын. Дауыс берсеңіздер…

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

С.А.Балажан көркемдік кеңестің төрағалығына сайлансын!


«El.kz» интернет-порталының бас редакторы Лена Муратбек:

– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы Қоғамның сайтында мемлекеттік тапсырыс аясында 500 минут көлемінде мультимедиалық контент жасау үшін әлеуетті сыртқы жеткізушілерден шығармашылық ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Талап етілген жанр – сұхбаттар циклін жасау. Үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар келіп түсті.

Ұсынғандар:

  1. Әлеуетті жеткізуші «Сарыбастау» ЖК «Біздің жұлдыз» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш қабылданбады. Себептер: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы.Өтініш қабылданды.
  2. Әлеуетті жеткізуші «Рысқиев» ЖК «Ащы сұхбат» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш келесі себептер бойынша қабылданбады: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін растайтын құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы.Өтініш қабылданды.
  3. Әлеуетті жеткізуші AiMedia сұхбаттар циклін ұсынып отыр. Бағдарламаның аты «Заң мен тәртіп» аясында «Қоғам және тәртіп» сұхбат жобасының концепциясын ұсынды. Жобаның мақсаты қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту  және түсінікті тілде ақпарат беру. Жобаның барлық құжаттары толық ұсынылған. Өтініш қабылданды.

Ұсынылды:

  1. Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күнін беру;

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 8

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

  1. Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күні берілсін!