25.11.2026

QAZCONTENT пен «Қазақконцерт» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

QAZCONTENT пен Роза Бағланова атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Қазақконцерт» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақстандық өнер қайраткерлерінің шығармашылығын көпшілікке таныту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ мәдениет пен өнер саласындағы маңызды бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу, сапалы медиаөнімдер әзірлеу және цифрлық платформаларда отандық өнердің танымалдығын арттыру мәселелеріне басымдық беріледі. Бұл ынтымақтастық ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дәріптеуге, қазақстандық өнердің әлеуетін кең аудиторияға танытуға және жаңа шығармашылық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.