28.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

«Qazcontent» АҚ  мультимедиалық жобалар жөніндегі

Көркемдік кеңесі отырысының

  № 5 ХАТТАМАСЫ

Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30

 Өткізілген күні мен уақыты: 28.04.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар:

Ы.Қ.Сағымбеков

А.Хумарзак

А.Д.Избаев

Г.Ж.Билялова

Ы.Ожай

Г.Ж.Айтказина

Р.М.Омаров.

Қатыспағандар:

Ж.М. Смайлов (ақысыз демалыста)

С.С. Тоқбай    (еңбек демалысында)

Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 7 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы. 

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау
  2. kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру.

ТЫҢДАЛДЫ

Бірінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

Көркемдік кеңес төрағасы Ы.Қ. Сағымбеков: – Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.

Ұсынылды:

Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

А.Б. Алпысбай көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын.

Екінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер: El.kz ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров:

– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында әлеуетті сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныстар қабылдайтынымыз туралы хабарландыруды Қоғамның сайтына жариялаған едік. Талап етілген жанр – арнайы репортаждар циклін жасауға үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар келіп түсті.

Ұсынғандар:

  1. Әлеуетті жеткізуші AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Өтініш қабылданбады. Себеп: Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) ұсынылмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған

жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың ұсынылмауы.

  1. Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” жобалық атауы «Біздің бренд» деп аталатын документалды арнайы

репортаждар циклін ұсынып отыр. Талап етілген құжаттар тізімін түгел ұсынған. Өтініш қабылданды.

  1. Әлеуетті жеткізуші ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнайы репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін көрсететін құжаттардың ұсынылмауы себепті өтініш қабылданған жоқ.

Ұсынылды:

  1. Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күнін беру;
  2. Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” өтінімін қабылдау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

  1. Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күні берілсін!
  2. Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” өтінімі қабылдансын!

АТЫ-ЖӨНІ «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРСЫМЫН» «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»
Ы.Қ. Сағымбеков      
Ж.М.Смайлов      
С.С. Тоқбай      
Г.Ж. Билялова
Е.Н. Айтказина
Ы. Ожай
А. Хумарзах
А.Д. Избаев
Р.М. Омаров

Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысбай

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Шарт жобасы

Мекен жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30 даңғылы, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 сәуірге дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

17.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

26.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

“BaigeNews.kz” ақпараттық агенттігі үшін мультимедиялық контент өндіру және сатып алу жөніндегі қызметтер

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz

Шарт жобасы.

Қызметтер саны: 20 шығарылым, жалпы хронометраж – 360 минут.

Жарияланған әр видеороликтің қаралым саны 10 000 кем болмауы тиіс

Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

Қызмет көрсету мерзімі: Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2025 жылдың қараша айына дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік тілде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 25 ақпан 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 26 ақпан, 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 9 642 855,6  теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

05.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

30.01.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

25.12.2024 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

25.12.2024 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

АҚ «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz

Қызмет атауы: “BAQ.KZ” ақпараттық агенттігі үшін мультимедиялық контент өндіру және сатып алу жөніндегі қызметтер

Шарт жобасы.

Қызметтер саны: 12 шығарылым, жалпы хронометраж  360 минуттан кем болмауы керек

Жарияланған әр видеороликтің қаралым саны 5000-нан кем болмауы тиіс

Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

Қызмет көрсету мерзімі: Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2025 жылдың мамыр айына дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік тілде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 7 ақпан 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 10 ақпан, 18:00-ге дейін.