«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.
1) Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz
2) Қызмет атауы: «El.kz» интернет-порталына мемлекеттік қолдау шараларын және бастамаларды түсіндіруге арналған жобаны жасау және орналастыру қызметі
3) Көрсетілетін қызметтердің көлемі: 30 бейнебағдарлама. Әр бейнебағдарламаның хронометражы 20 минуттан кем болмауы тиіс.
4) Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша
5) Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылдың 30 қарашаға дейін
6) Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
· құқықтық қабілеттілігінің болуы;
· тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
· банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;
· ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);
· өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы.
7) Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс.
8) Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.
9) Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным.
10) Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
11) Өтінімдер 2025 жылғы 24 сәуір 18:00-ге дейін info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс.
12) Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 25 сәуір, 18:00-ге дейін.
13) Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 40 178 550 (қырық миллион жүз жетпіс сегіз мың бес жүз елу) теңге.
14) Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.