Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті

“Qazcontent” АҚ ұйымдастырған журналистерге арналған жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану тақырыбындағы тренинг өтті. Іс-шараға әртүрлі БАҚ өкілдері, тәжірибелі тілшілер мен жас журналистер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тренингтің мақсаты – ақпарат саласында жұмыс істейтін мамандарға ЖИ құралдарын тиімді қолдану арқылы жұмыс өнімділігін арттыруға, жаңа идеялар табуға және контент сапасын жақсартуға көмектесу. Бағдарлама екі сағатқа созылып, қатысушыларға теория мен практиканы үйлестірген жан-жақты тәжірибе берді.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

Сабақ барысында тренерлер ChatGPT және басқа да заманауи ЖИ модельдерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар жаңалық мәтінін жедел дайындау, материалдарды рерайт жасау, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару, репортаждар мен мақалаларға идея табу, сұхбатқа сапалы сұрақтар құрастыру, сценарий мен ресми құжаттар әзірлеу, сондай-ақ аудио және видео контент жасау тәсілдерін меңгерді.

Практикалық бөлімде қатысушылар шағын тапсырмалар орындап, бірден ЖИ құралдарының артықшылықтарын өз тәжірибесінде байқады. Әр тапсырма нақты журналистік жағдайларға негізделіп жасалды, бұл алынған білімді тікелей жұмыс процесінде қолдануға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың жиі өтуін қолдайтындарын айтты.

Астанада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану туралы тренинг өтті
Фото: Арман Мухатов

“Qazcontent” АҚ алдағы уақытта да ақпарат саласы мамандарына арналған білім беру бағдарламаларын жалғастырып, жасанды интеллектті кәсіби ортада кеңінен қолдануға ықпал етуді жоспарлап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @qazcontent_official

“Qazcontent” АҚ журналистерге арналған тегін ЖИ тренингтерін өткізеді!

Ақпарат саласында жұмыс істейтіндер үшін жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану жолдарын үйренгіңіз келе ме? Онда осы тамыз айында өтетін тренингтерге қатысыңыз!

Тақырып: Ақпарат саласындағы ЖИ құралдары: практика мен мүмкіндіктер
Күндері: 8, 15 және 22 тамыз 2025 ж.
Басталу уақыты: 15:00
Ұзақтығы: 2 сағат
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-үй, 4-қабат
Сертификат: барлық қатысушыларға беріледі
Қатысу: тегін
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз

Тренинг барысында:
– ChatGPT және басқа ЖИ құралдарымен танысасыз
– Жаңалықтар жазу, аударма жасау, репортаж дайындау, сұхбатқа сұрақ құрастыру, креативті идеялар табу жолдарын үйренесіз
– Практикалық тапсырмалар арқылы машықтанасыз

Орныңызды алдын ала қамтамасыз етіңіз – орындар шектеулі!

Балажан Серғали Абайұлы «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Серғали Абайұлы Балажан «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1987 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы  (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2009 жылы  «Қазақстан–Шымкент» телерадиокомпаниясында тілші болып бастады.

Еліміздің жетекші медиа саласында басқарушылық тәжірибесі бар, оның ішінде «Алматы» телеарнасының маркетинг департаментін, «Azattyq-Ruhy» редакциясын басқарған және «AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Журналистердің кәсіби мерекесінде “Qazcontent” АҚ бірқатар қызметкері пәтерлі болды

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен медиа саласының 66 қызметкеріне пәтер сертификаты тапсырылды.

Бұл шара осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2023 жылы – 65, 2024 жылы 67 отбасыға баспана берілді.

Атап өтерлік жайт, баспана шын мұқтаж әріптестерге берілді. Олардың әлеуметтік жағдайы ерекше ескерілді.
Мәселен, биыл пәтерлі болған азаматтар қатарында 10 көпбалалы отбасы, 9 жалғызбасты ана бар. Сондай-ақ 12 отбасы мүмкіндігі шектеулі бала асырап отыр немесе ерлі-зайыптылардың біреуі денсаулығына байланысты еңбек етуге жарамсыз.

БАҚ саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген, бірақ еңбегі көп елене бермейтін режиссер, оператор, фотограф, монтажер, корректор секілді техникалық мамандар да қамтылды. Енді ғана шаңырақ көтерген отбасыларды, жас мамандар пәтерлі болды.

Кәсіби мереке қарсаңында үйлі болған медиа мамандарының арасында “Qazcontent” АҚ бірқатар қызметкері де бар.

“Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне қашан да ықыласы ерекше. Журналистер қауымының баспаналы болуы – зор қуаныш әрі мемлекет тарапынан лайықты қолдау”, – деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қазақстан Президенті БАҚ өкілдерін марапаттады

2025 жылдың 24 маусымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай БАҚ саласының өкілдерін мемлекеттік марапаттармен марапаттады.

Мемлекет басшысы журналисттерді мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
«БАҚ халықтың дауысы, ал журналистер шынайы ақпараттың таратушылары ретінде құрметке ие. Сіздер мемлекет пен қоғам арасындағы көпір болып, азаматтарға реформалар мен мемлекеттік саясаттың мәнін түсінуге көмектесесіздер. Бұл шынымен де жеңіл жұмыс емес және ол әркімнің күшіне жарамайды», – деп атап көрсетті Тоқаев.
Марапатқа ие болғандардың қатарында “Qazcontent” АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Махат Кабирұлы Садық та бар. Әріптесіміз Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды

https://t.me/aqorda_resmi/25502?single

“Qazcontent” пен “Turkistan Media Holding” ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

“Qazcontent” пен “Turkistan Media Holding” медиа ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Qazcontent” акционерлік қоғамы мен “Turkistan Media Holding” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медиа өндіріс және цифрлық коммуникациялар саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа “Qazcontent” АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек пен “Turkistan Media Holding” ЖШС бас директоры Жанахмет Ағыбаев қол қойды.

Меморандум аясында тараптар ақпараттық-танымдық бағдарламаларды, медиа-жобаларды бірлесіп әзірлеуге, кәсіби іс-шаралар өткізуге, тәжірибе мен медиаконтент алмасуға келісті.

Біздің басты міндетіміз – уақыт талабына жедел ден қою және аудиторияға қызықты, объективті және өзекті ақпаратты ұсыну. Меморандумға қол қою өңірлік БАҚ құрылымдарымен серіктестік орнату және елдің біртұтас ақпараттық кеңістігін нығайтудағы маңызды қадам, – деп атап өтті “Qazcontent” АҚ төрағасы Айна Задабек.

Өз кезегінде Жанахмет Ағыбаев Түркістан облысының мәдени, туристік және іскерлік іс-шаралардың маңызды орталығына айналғанын айта келе, меморандум цифрлық ортада ұзақ мерзімді және тиімді әріптестіктің негізіне айналатынына сенім білдірді.

Жаңа ынтымақтастық Qazcontent платформалары арқылы өңірлік жаңалықтар мен жобаларды кең аудиторияға таратуға мүмкіндік береді, – деп сендірді ол.

Жалпы, бұл келісім медиа индустрияның цифрлық трансформациясы жағдайында жоғары сапалы контент әзірлеп, халықпен тұрақты байланыс арналарын дамытуға бағытталған.

Жасыл кеңсе мәдениеті

Қазіргі таңда компания қызметкерлері кеңсе ішін гүлзарларға толтыруда. Бұл қадам тек әсемдік үшін емес, ауа тазалығын жақсартуға және жұмыс орнындағы жайлылықты арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, ұжым ішінде қалдықтарды сұрыптау мәдениеті жүйелі түрде жолға қойылған. Әр бөлім айына бір рет экобокстарды толық босатып, қоқысты арнайы қайта өңдеу пунктілеріне апарады.

Соңғы үш айдың ішінде 30 келі пластик пен макулатура жиналып, қайта өңдеуге жіберілген. Бұл көрсеткіш – экологиялық сауаттылық пен жауапкершіліктің нақты нәтижесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @qazcontent_official

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Шарт жобасы

Мекен жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30 даңғылы, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 64-95-60

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 12 маусым дейін

Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

13.05.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

2025 ж. 13.05 әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар