«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер қабылдайды

  • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
  • Қызметтің атауы: «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің интернет-ресурсын техникалық қолдау қызметі;
  • Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-ғимарат, 2 ү.е.ғ. және/немесе қашықтан қызмет көрсету;
  • Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
  • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
  • Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 17 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін;
  • Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2025 жылғы 23 желтоқсан 15:00;
  • Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 23 571 428,57 теңге.

Қосымша:

1) әлеуетті өнім берушілердің толтыруы үшін өтінім нысаны * (жүктеу, өтінімді толтыру);

2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары *;

3) бекітілген техникалық ерекшелік *;

4) шарттың үлгілік нысаны.

5) еңбек ресурстары

* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс

«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер қабылдайды

  • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
  • Қызметтің атауы: «Adebiportal.kz» интернет жобасының интернет-ресурсын техникалық қолдау қызметі;
  • Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-ғимарат, 2 ү.е.ғ. және/немесе қашықтан қызмет көрсету;
  • Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
  • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
  • Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 17 желтоқсан сағат 18: 00-ге дейін;
  • Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2025 жылғы 23 желтоқсан 15:00;
  • Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 10 764 000 теңге.

Қосымша:

1) әлеуетті өнім берушілердің толтыруы үшін өтінім нысаны * (жүктеу, өтінімді толтыру);

2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары *;

3) бекітілген техникалық ерекшелік *;

4) шарттың үлгілік нысаны.

5) еңбек ресурстары

* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент (ақпараттық жаңалықтар) дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

  • Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
  • Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: «Желілік жабдықты әкімшілендіру жөніндегі маманның қызметі»
  • Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
  • Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін

 

Қосымша:

 

* – сканерленген нұсқада сұратылған құжаттар пакетін қоса беру және көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберу

Қазақстан мен Ресей медиаәріптестігін нығайтады

2025 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан-Ресей медиафорумының екінші сессиясы өтті.

Қазақстан делегациясының құрамына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кірді, ал Ресей делегациясын РФ Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары, РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков басқарды.

Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені өткізді. Бұл іс-шара 2024 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен Бірінші Қазақстан-Ресей медиафорумында ИТАР-ТАСС ұсынған бастаманың жалғасы болып табылады.

Aljazeera мен QazСontent компаниялары серіктестік мәселесін талқылады

Халықаралық Aljazeera телеарнасының өкілдері – жарнама департаментінің басшысы Хафез Аль-Ава мен коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджері Мохамед Хамад QazСontent медиакомпаниясына келді.

Делегация Астанаға ұлттық медиаорталықтың жұмысымен танысып, ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін ат басын бұрған. Қонақтарға редакцияның саясаты, мультимедиялық өндіріс ерекшеліктері, материалдарды дистрибуциялау жүйесі және жаңалықтар ағынын басқарудың заманауи тәсілдері таныстырылды.

Тараптар жасанды интеллектті медиа үдеріске енгізу мәселесіне де ерекше назар аударды.

QazСontent өзінің жаңа буындағы мультимедиялық контентін жасауға мүмкіндік беретін AI-құралдарын, автоматтандыруға арналған шешімдері мен AI-Lab жобаларын таныстырды. Сонымен қатар делегация өкілдеріне компанияның креативті, деректі және халықаралық бастамалары мен қолданыстағы цифрлық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында алдағы ынтымақтастық перспективалары – бірлескен жобалар, тәжірибе алмасу, халықаралық медиафорумдарға қатысу және инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Aljazeera өкілдері QazСontent -тің даму деңгейіне жоғары баға беріп, серіктестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.

«Тарихи quiz» жастар назарын өзіне аударды.

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тарихи quiz» интеллектуалдық жарысы өтті. Ол Қазақстан тарихы кафедрасы мен e-history.kz порталының бастамасымен ұйымдастырылды. «Күлтегін» алаңында 8 команда – студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар – тарихи білімдері мен дауыс пікірлерімен бақ сынасты. Бұл іс-шара ұлт тарихын заманауи түрде таныстыруға және жастардың зияткерлік мәдениетін арттыруға бағытталды.

Қазіргі жастар арасында тарихи викториналар мен интеллектуалдық байқаулар өте танымал. Бұл формат студенттерге жай ғана білімін сынау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар жылдам ойлау, сыни тұрғыдан талдау және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Дәл осы тенденцияның айқын дәлелі ЕҰУ-де өткізілген «Тарихи куиз» болды. Сайыс басталар-басталмас, залда бірден қызу тыныс орнап, қатысушылар да, көрермендер де толық оқиғаға еніп кетті.

Іс-шара аяқталған соң ұйымдастырушылар «Тарихи quiz» жобасын тұрақты форматқа айналдыру жоспарларын жариялады. Болашақта осындай ойындарды үнемі өткізу, әртүрлі факультеттерден студенттерді тарту және форматты кеңейту көзделіп отыр.

 

Астанада елдің ең ірі медиафорумы Astana Media Week 2025 аяқталды. Оған Қазақстаннан және шетелдерден мыңнан астам қатысушы жиналды.

Елордада БАҚ өкілдерінің басын қосқан Astana Media Week 2025 форумы өтті. Үш күн бойы қатысушылар журналистиканың болашағы, жасанды интеллект дәуіріндегі медиа, ұлттық контенттің дамуы тақырыптарын талқыланып, саладағы өзекті мәселелерді шешу жолын ұсынылды.

Биылғы форумға бұқаралық ақпарат құралдарының мыңнан аса өкілі қатысуда. Басым бөлігі қазақстандық телеарна, радио, газет-журналдар қызметкерлері. Сондай-ақ 65 спикер сөз сөйледі. Олардың арасында сала сарапшылары, тәуелсіз журналистер, Орталық Азия елдері мен Европа, Қытай және Әзербайжаннан келген әріптестеріміз бар.

2025 Astana Media Week медиа саласына қосқан үлесі үшін марапаттар тапсырумен аяқталды. Форум жаңа жобалар мен серіктестіктерді туғызып, қазақстандық БАҚ-тардың жаһандық бәсекеге дайын екенін дәлелдеген жаңашыл ойлардың нағыз мерекесіне айналды. Бұл іс-шара оны болашақ медианың қалыптасатын негізгі инновациялық алаңы ретіндегі мәртебесін бекітті.

“Qazcontent” АҚ түркітілдес ақпарат агенттіктері одағының (АТNA) төрағалығын қабылдады.

Қазақстанның астанасында Түркітілдес ақпарат агенттіктері одағының (АТNA) отырысы өтті. Оның нәтижесінде ұйымда келесі екі жылға төрағалық ету құқығы Түркиядан Қазақстанға өтті.

Одақты басқару өкілеттігі енді түркі әлемінің жетекші медиаресурстарын біріктіретін “Qazcontent” АҚ-на жүктелді.

Кездесу барысында делегация мүшелеріне Qazcontent компаниясының қызметі, мультимедиялық студиялары мен цифрлық контент өндірісі таныстырылды. Сондай-ақ, қонақтарға Қазақстанның медиа нарығының даму тенденциялары және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды басқару бойынша тәжірибе ұсынылды.

«Qazcontent» АҚ төрағасы Айна Задабек өз кезегінде, төрағалықтың Қазақстанға өтуінің түркі мемлекеттері арасындағы медиааралық ынтымақтастықты дамытудағы еліміздің рөлін мойындаудың дәлелі екенін атап өтті.

“Бұл Qazcontent үшін үлкен марапат және серіктестердің сенімінің белгісі. Егер бұрын Одақ ұйымдастырушылық мәселелерге баса назар аударса, қазір біз мазмұнды жобаларға — тәжірибе, ақпарат және технологиялар алмасуына көшеміз. Ерекше назарды жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға аударамыз, олар түркітілдес БАҚ-тарды халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі”, – деді ол.

«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі Көркемдік кеңесі отырысының № 15 ХАТТАМАСЫ