27.04.2026

Жазушы Жадыра Шамұратовамен әдеби кездесу кеші өтті

25 сәуір күні Astana Eurasian book fair 2026 кітап көрме-жәрмеңкесінде жазушы, «QAZCONTENT» АҚ қызметкері Жадыра Шамұратовамен әдеби кездесу кеші өтті

Жазушымен жүздесу барысында автордың «Фолиант» баспасынан шыққан «Секундтар арасындағы шексіздік» кітабының тұсауы кесілді.

Оқырмандар «Ашық микрофон» форматында ұйымдастырылған кеште Жадыра Шамұратованың шығармалары туралы пікір білдіріп, өз ой-толғамдарын жеткізді.

«Секундтар арасындағы шексіздік» новелласында Сирияға кеткен баласын іздеп, қиындыққа тап болған ананың жан айқайы мен шексіз күту азабы суреттеледі.

Кітапқа авторлың басқа да прозалық шығармалары еніп отыр. Жадыра Шамұратова бұл жинақта заманауи прозаның өзекті мәселелерін, адам тағдырының күрделілігін көтереді.