14.04.2026

«Qazcontent» АҚ Наурызнама онкүндігі аясында бірқатар іс-шаралар өткізді

Наурыз мейрамы – ұлттық бірегейлікті айшықтайтын, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше мереке. Ежелден «Наурызнама» атауымен белгілі бұл кезең жаңару мен ізгілік идеяларын насихаттаумен ерекшеленеді.

Елімізде Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеуге бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған бастаманы «Qazcontent» акционерлік қоғамы да қолдап, мазмұнды мерекелік бағдарламаны жүзеге асырды.

Онкүндік шеңберінде әр күн белгілі бір тақырыпқа арналды. Атап айтқанда, «Көрісу – Амал мерекесі» күні ұжымда дәстүрлі амандасу рәсімдері өткізіліп, қызметкерлер бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. «Қайырымдылық» күні әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр», «Шаңырақ», «Ұлттық киім», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ», «Жыл басы» және «Тазару» күндері аясында ұлттық мәдени мұраны дәріптейтін түрлі іс-шаралар өткізілді. Қызметкерлер ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға белсенді қатысты, сондай-ақ ұлттық ойындар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шаралар ұжым ішінде бірлік пен ынтымақты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ықпал етті.