“BaigeNews.kz” ақпараттық агенттігі үшін мультимедиялық контент өндіру және сатып алу жөніндегі қызметтер

  • Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz
  • Қызмет атауы: «BaigeNews.kz» ақпараттық агенттігіне мультимедиялық контентті жасау және орналастыру бойынша қызметтер
  • Көрсетілетін қызметтердің көлемі: Жалпы хронометражы 360 минуттан кем болмайтын 18 бейнебағдарлама. Әр бейнебағдарламаның хронометражы 20 минуттан кем болмауы тиіс.
  • Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша
  • Қызмет көрсету мерзімі: шартқа қол қойған күннен 2025 жылдың 30 қарашаға дейін
  • Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
  • құқықтық қабілеттілігінің болуы;
  • тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;
  • ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);
  • өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы.
    • Бағалық ұсынысқа қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс.
    • Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік (қазақ) немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.
    • Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға ұсыным.
    • Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
    • Өтінімдер 2025 жылғы 25 ақпан 18:00-ге дейін info@qcontent.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса ұсынылу тиіс.
    • Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 26 ақпан, 18:00-ге дейін.
    • Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС есебінсіз 9 642 857,14 (тоғыз миллион алты жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге 14 тиын.

Өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

Қызметтің техникалық сипаттамасы

Шарт жобасы.