Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, EL.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Әлеуметтік желіде порталдарды ілгерлету қызметтерін көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 1 сәуір.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Qazcontent» АҚ журналистері “Шапағат” және “Ерен еңбегі үшін” медальдарымен марапатталды

BAQ.KZ ақпарат агенттігі мен «El.kz» интернет-порталының журналистері 2026 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде мемлекеттік наградаларға ие болды.
Марапаттарды табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өтті.
Марапаттар қоғамдық қызметке қосқан үлесі, отандық журналистиканы дамыту және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялаудағы еңбегі үшін берілді.
Атап айтқанда, BAQ.KZ-тің қазақ редакциясының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды.
Гүлжан Раманқұлова – бұқаралық ақпарат құралдарында 10 жылдан астам тәжірибесі бар журналист. Ол әлеуметтік және заңнамалық тақырыптарды көтеруге маманданған, сондай-ақ түрлі кәсіби журналистік байқаулардың жеңімпазы.

Сондай-ақ, BAQ.KZ-тің орыс редакциясының аға тілшісі Анеля Өсерхан «Шапағат» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Анеля Өсерхан 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2018 жылы Польшадағы University of Wrocław оқу орнында «Mass Communication and Journalism» бағдарламасы бойынша білім алған. 2021 жылы «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
Еңбек жолын 2020 жылы BaigeNews.kz сайтында тілші болып бастаған, ал 2025 жылдан бері BAQ.KZ-те аға тілші қызметін атқарып келеді. Қазақстан мен әлемдегі саяси және қоғамдық оқиғаларды жариялап, авторлық материалдар мен деректі фильмдер дайындайды.
Сонымен қатар «Trend Talk» атты жеке подкастын жүргізіп, PR және журналистика саласының мамандарына жасанды интеллект бойынша тренер ретінде де жұмыс істейді.

Сондай-ақ мемлекеттік наградаларға отандық басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ие болды. Атап айтқанда, «El.kz» интернет-порталының тілшісі Ажар Лаубаева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, «El.kz» тілшісі Айдана Ербатырқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және төсбелгісімен наградталды.

«Qazcontent» АҚ қызметкерлерін марапаттау – олардың отандық журналистиканың дамуына қосқан кәсіби үлесі мен қоғамдағы маңызды үдерістерді жариялауға белсенді қатысуының айқын көрінісі.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 26 наурыз.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1) Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, Мультимедиалық қамтамасыз ету басқармасы.

2) Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: Медиa өндіріс және цифрлық контент саласындағы бейнематериалдарды өңдеу жөніндегі маман; монтаждау, түсті түзету, дыбыспен жұмыс, графика және визуалды эффектілерді кәсіби деңгейде жүзеге асырып, біртұтас, әсерлі әрі бәсекеге қабілетті медиaөнім жасайды;

3) Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:  offer@qcontent.kz;

4) Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:

  • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 19 наурыз;
  • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).

5) Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі

аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

«Әдебиет порталы» Өнер университетіне 100 кітап сыйлады

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай QazContent АҚ құрамындағы “Әдебиет порталы” Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымына 100 кітап сыйға тартты.

Сыйға берілген кітаптар қатарында қазақ әдебиетінің таңдаулы классикалық және заманауи туындылары, сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы танымдық еңбектер бар.

Игі бастама студент жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және ұлттық әдеби мұраны кеңінен танытуға бағытталған.

Бұл акция кітапты бөлісу мәдениетін қалыптастыруға, білім мен өнер ордалары арасындағы рухани байланысты нығайтуға үлес қосатын болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 📚 ƏДЕБИЕТ ПОРТАЛЫ (@adebiportalkz)

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1) Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы: «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, Мультимедиалық қамтамасыз ету басқармасы.

2) Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: Графикалық дизайн саласындағы маман. Түрлі медиа-платформалар үшін визуалды материалдар жасаумен және графикалық шешімдерді әзірлеумен айналысады. Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларына ие, композицияны, түс пен типографиканы терең түсінеді. Баннерлерді, жарнамалық материалдарды, әлеуметтік желілерді безендіруді және басқа да визуалды элементтерді әзірлей білу қажет. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды, бөлшектерге мұқият және командада тиімді жұмыс істеуге тиіс;

3) Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:  offer@qcontent.kz;

4) Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:

  • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 18 наурыз;
  • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).

5) Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі

аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

 Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Partners» бизнес орталығы.

  1. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: нотариус қызметтері.
  2. Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Partners» бизнес орталығы.
  3. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электронды пошта: offer@qcontent.kz
  4. Потенциалды жеткізушілерді іріктеуге қатысу үшін өтініштер мен талап етілген құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
  • Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 16-шы наурызы
  • Сұралған құжаттар тізімі әлеуетті жеткізушілерге қойылатын квалификациялық талаптарда көрсетілген – жеке тұлғаларға арналған (қосымшада).
  1. Потенциалды жеткізуші өтінішті ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кері алуға құқылы.

      Хабарландыруға қазақ және орыс тілдерінде қосымшалар тіркеледі:

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент (ақпараттық жаңалықтар) дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2026 жылғы 3 наурыз.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):

Qazcontent пен Қоғамдық даму институты ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін “Qazcontent” АҚ мен “Қазақстандық қоғамдық даму институты” КеАҚ арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Рәсім ҚҚДИ-ға қарасты “SARAP” эксперттік клубының “Кеңесуші институттар: конституциялық реформа аясындағы перспективалар” тақырыбындағы отырысы аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз медиа саласының өкілдері ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының әрдайым мемлекет пен қоғам арасындағы көпір болып келгенін жақсы түсінеміз. Біздің міндетіміздің бірі – осы алаңда қандай мәселелер талқыланып жатқанын, қандай сұрақтар көтерілетінін қоғамға жеткізу, – деді “Qazcontent” АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желілер қарқынды дамып жатқан заманда дәстүрлі БАҚ-тың сенімді ақпаратқа мықты сарапшылар арқылы қол жеткізуінің маңызын атады.

Qazcontent пен Қоғамдық даму институты ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін біз “SARAP” эксперттік клубының отырысына қатыса отырып, сіздердің дәл осындай сарапшылар пулын құрайтындарыңызды, біз өз кезегімізде қазіргі және алдағы уақытта көтерілетін тақырыптарды қоғамға кеңінен түсіндіріп, жария ете алатынымызды, сондай-ақ қоғамдық кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз, – деді басқарма төрағасы.

Qazcontent пен Қоғамдық даму институты ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Айта кетейік, меморандум тараптардың өзара қолдауын және белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Онда тараптар қоғамдық дискурсты қалыптастыру, экономикалық, әлеуметтік және басқарушылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін сапалы аналитиканы, сараптамалық диалогты және заманауи медиа форматтарды дамытудың маңызын мойындады.

Еске салсақ, Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің басты ерекшелігі – олардың саяси мәселелерді талқылауға көшуі. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов “Кеңесуші институттар: конституциялық реформа аясындағы перспективалар” тақырыбында өткен “SARAP” эксперттік клубы отырысында мәлімдеді. Оның сөзінше, қоғамдық кеңестер саяси дискурсты қалыптастыра бастады.

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, BAQ.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Әлеуметтік желіде порталдарды ілгерлету қызметтерін көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2025 жылғы 29 қаңтар.