Астанада БАҚ өкілдері арасында «QAZCONTENT OPEN 2026» шахмат турнирі өтті
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында, 2026 жылғы 20 маусымда к «Spaces» коворкинг кеңістігінде «QAZCONTENT OPEN 2026» шахмат турнирі ұйымдастырылды. Турнир Қазақстан шахмат федерациясы мен «Qazcontent» АҚ бастамасымен өткізіліп, «Zhanykulov Foundation» жеке қорының қолдауына ие болды.

Жарысқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының 40-тан астам өкілі қатысты. Олардың қатарында баспасөз, телеарна, радио және интернет-басылым журналистері, сондай-ақ блогерлер болды. Турнир 7 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өткізіліп, нәтижелерді есептеу үшін «Swiss-Manager» компьютерлік бағдарламасы қолданылды. Жартылай финалдық және финалдық кезеңдер нокаут жүйесі бойынша ұйымдастырылды.

Турнир жеңімпаздары:
1-орын — Сағыныш Ансабаев, Қазмедиа орталығы
2-орын — Салықбаев Нұрлан, «Qazaqstan» телеарнасы
3-орын — Төрешов Жанболат, Қазмедиа орталығы

Сонымен қатар әйелдер арасындағы «Ең үздік ойыншы» ретінде «Qazaqstan» телеарнасының редакторы Ляззат Тушкенова марапатталды.
«QAZCONTENT OPEN 2026» турнирінің «Ең үздік БАҚ өкілі» номинациясын «El.kz» ақпараттық-танымдық порталынының бас редакторының орынбасары Рустем Омаров иеленді.
«Qazcontent» шахмат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өткім келеді. Турнир барысында ойыншылар өздерінің зияткерлік әлеуетін, табандылығы мен шеберлігін көрсетті. Осындай игі бастамалар ұжымдық бірлікті нығайтып, шахмат мәдениетінің дамуына серпін береді деп сенемін»- деп түйіндеді “Qazcontent” АҚ Басқарма төрағасы Әділ Сейфуллин.
Қатысушылар қатарында «Хабар», «Qazsport» телеарналарының, «Tengrinews.kz», «Elordainfo.kz», «Литер», «Egemen Qazaqstan» және еліміздің басқа да жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Турнир спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас орнатуға, пікір алмасуға және достық атмосферада бас қосуға мүмкіндік берген зияткерлік алаңға айналды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға жылы қабылдау мен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берген жайлы атмосфера үшін алғыстарын білдірді.
Турнир қорытындыларымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://s3.chess-results.com/tnr1441428.aspx?lan=1&art=1&rd=7&SNode=S0