Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі хабарландыру

  1. Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazqontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Partners» бизнес орталығы.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: JAC SUNRAY маркалы шағын автобус жүргізушісінің қызметтері.
  3. Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Қосшы қаласы, Жібек Жолы ауылы (Александровка), Талапкер ауылы.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электронды пошта: offer@qcontent.kz
  5. Потенциалды жеткізушілерді іріктеуге қатысу үшін өтініштер мен талап етілген құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
  • Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 24 ақпан
  • Сұралған құжаттар тізімі әлеуетті жеткізушілерге қойылатын квалификациялық талаптарда көрсетілген – жеке тұлғаларға арналған (қосымшада).
  1. Потенциалды жеткізуші өтінішті ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кері алуға құқылы.

 

      Хабарландыруға қазақ және орыс тілдерінде қосымшалар тіркеледі:

Qazcontent АҚ мен «Жастар» ҒЗО ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Qazcontent» АҚ мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС арасында өзара тиімді ынтымақтастықты көздейтін меморандумға қол қойылды. Құжатқа «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Задабек Айна Задабекқызы мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Сайфулинқызы Нахбаева қол қойды.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты – жастар арасында азаматтық белсенділікті, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған сапалы контент әзірлеу. Тараптар жастар ортасындағы өзекті мәселелерді қамтитын әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар мен статистикалық деректер негізінде медиа шолулар мен талдамалық материалдар дайындауды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, ғылымды, мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттайтын бірлескен білім беру және ағартушылық жобалар, тұрақты рубрикалар, подкасттар мен мультимедиялық өнімдер жасалмақ. Сонымен қатар медиасфера мен мемлекеттік жастар саясаты аясында конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізу, жастарға қатысты заманауи үрдістерді талқылайтын сараптамалық алаңдар құру көзделген.

Бұл бастамалар El.kz жастар порталының мазмұнын одан әрі байытып, оның жастарға арналған жетекші ақпараттық-танымдық платформа ретіндегі рөлін күшейтеді. Айта кетейік, Qazcontent құрамына кіретін алты жобаның әрқайсысында жастарға арналған бағыт бар. Соның ішінде El.kz интернет-порталы былтырдан бастап даму бағытын түбегейлі өзгертіп, жастар аудиториясына арналған контентке басымдық беріп келеді.

Қазіргі таңда El.kz порталында жасанды интеллект пен IT, технология, бизнес, урбанистика, заманауи кино, музыка, сән, саяхат секілді өзекті тақырыптар кеңінен қамтылады. Сонымен бірге дарынды жастар, балаларға арналған танымдық және сараптамалық мақалалар мен эксклюзивті сұхбаттар тұрақты түрде жарияланып келеді. Ал порталдың негізгі аудиториясы – студенттер, жаңа буын кәсіпкерлері, креаторлар, талдаушылар мен сарапшылар.

Бұдан бөлек, El.kz-тің El.sport, El_kids, El.women және El.travel секілді арнайы парақшалары бар. Бұл алаңдарда еліміздің дамуына үлес қосып жүрген белгілі тұлғалармен қатар, талантты әрі белсенді жастардың жетістіктері кеңінен насихатталады.

Осылайша, аталған меморандум El.kz интернет порталының контенттік әлеуетін арттырып қана қоймай, жастарға арналған сапалы медиаөнімдер мен сараптамалық жобаларды жүйелі түрде дамытуға жол ашады.

Айта кету керек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ҒЗО мен «Qazcontent» АҚ бірлесіп El Jastary YouTube арнасында ай сайын шығатын «El jastary media» подкаст жобасын іске қосты. Подкастта Қазақстандағы жастар саясатының өзекті мәселелері, жаңа трендтер мен сараптамалық пікірлер талқыланады.