2025 ж. 13.05 әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

Қазақ тарихы туралы ЖИ платформа құру жоспарлануда

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық тарихты электронды форматта кеңінен насихаттап келе жатқан Qazaqstan tarihy интернет-порталының аудиториясын кеңейту, оны тарих саласындағы орталық ХАБ-қа айналдыру. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйесіне Қазақстан тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты қазақ тіліндегі ғылыми негізделген ақпараттарды шоғырландыру, ақпараттық және әдістемелік бағытта өзара ынтымақтастық орнату көзделіп отыр.

Кездесу барысында «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Айна Задабек Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ-ге бастама көтеріп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын болғаны үшін алғыс білдірді. Ол Қоғам тарапынан ЖИ саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып, тарихшы ғалымдардың мақалалары мен зерттеулерін портал бетінде жариялауға мүмкіндік туып отырғанын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD Нұрбек Пұсырманов жасанды интеллекттің цифрлық дәуірде өткенді танудағы маңызды құрал екенін атап өтті. Сондай-ақ, 2025 жылғы 25 қаңтарда өткен «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар және ізденістер» атты ғылыми форумда заманауи технологияларды игерудің маңыздылығын көтергенін еске салды. Оның айтуынша, жаңа платформа арқылы кез келген қолданушы отандық тарихқа қатысты ғылыми негізделген жауап алуға мүмкіндік алады.

Жол картасы аясында мемлекеттік тілдегі тарихи мақалалар мен сұхбаттарды арттыру, сондай-ақ Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп e-history.kz порталындағы ЖИ-мен өңделген тарихи-танымдық материалдар базасын толықтыру көзделіп отыр. Сонымен бірге, Тәуелсіз Қазақстан тарихына қатысты кітаптар портал базасында жинақталып, олардың мазмұны жасанды интеллектке бейімделетін болады. 

Айта кетер болсақ, «Qazaqstan tarihy» порталы ресми түрде 2013 жылы 25 қыркүйегінде құрылған. Портал «Qazcontent» АҚ-ның заманауи, цифрлы, гуманитарлық интернет-өнімі. Қазіргі интернет кеңістікте біздің елімізге, оның мәдениеті мен тарихына деген тұрақты қызығушылық қалыптасқан. Сондықтан портал шетелдік азаматтар мен қазақстандықтарға қазақ тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, әдебиетін жан-жақты насихаттап келеді.  Сайт контенті қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылған.

«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер қабылдайды.

Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Қызмет көрсету орны: Қашықтан.

Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан – 31 желтоқсанға дейін.

Шарт жобасы.

Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар:

  • Құқықтық қабілеттілігі бар болу;
  • Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
  • Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпау;
  • Еңбек ресурстарына ие болу (міндеттемелерді орындау үшін жалдау шарттарын немесе ақылы қызмет көрсету шарттарын ұсыну);
  • Құрылтайшылық құжаттарды ұсыну (Жарғының көшірмесі, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама, банктік деректемелер, ҚҚС бойынша тіркелгені туралы куәлік (бар болса)).

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолтаңбалар, күндер, мөрлер мен штамптар болуы, түзетулер мен қателіктерден тазартылуы, сондай-ақ олардың шынайылығына күмән тудырмауы тиіс. Барлық құжаттар оларды ұсыну күнінде жарамды болуы керек.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысында тіркеу күні мен нөмірі, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін ұсынылатын сома болуы керек.

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері:

  • Ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 22 мамыр, 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 26 мамыр, 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 10 360 000 теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 64-95-60.

02.05.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

«Qazcontent» АҚ  мультимедиалық жобалар жөніндегі

Көркемдік кеңесі отырысының

  № 6 ХАТТАМАСЫ

 

Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30

 

Өткізілген күні мен уақыты: 02.05.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар:

Ы.Қ.Сағымбеков,

А.Хумарзак,

А.Д.Избаев,

Г.Ж.Билялова,

Ы.Ожай,

Г.Ж.Айтказина,

Р.М.Омаров.

Қатыспағандар:

Ж.М. Смайлов (ақысыз демалыста)

С.С. Тоқбай    (еңбек демалысында)

 

Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 7 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы.

 

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау
  2. kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушіні таңдау.

ТЫҢДАЛДЫ

Бірінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

Көркемдік кеңес төрағасы Ы.Қ. Сағымбеков: – Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.

Ұсынылды:

Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

А.Б. Алпысбай көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын!

Екінші сұрақ бойынша

Сөз сөйлегендер:

El.kz ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров:

– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында әлеуетті сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныстар қабылдайтынымыз туралы хабарландыруды Қоғамның сайтына жариялаған едік. Талап етілген жанр – арнайы репортаждар циклін жасауға үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар

келіп түсті. Оларды Көркемдік кеңестің өткен отырысында қарадық және олқылықтарды түзету үшін әлеуетті жеткізушілерге 3 күн берілген еді.

Ұсынғандар:

  1. Әлеуетті жеткізуші AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің)

ұсынылмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың ұсынылмауы себепті өтініш қабылданбай, олқылықтарды жоюға үш күн берілген еді. 3 күн ішінде олқылықтар жойылған жоқ.

  1. Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” жобалық атауы «Біздің бренд» деп аталатын документалды арнайы

репортаждар циклін ұсынып отыр. Талап етілген құжаттар тізімін түгел ұсынған. Баға калькуляциясы да бар. Өтініші қабылданған.

  1. Әлеуетті жеткізуші ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнайы репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін көрсететін құжаттардың ұсынылмауы себепті өтініш қабылданбай, олқылықтарды жоюға үш күн берілген болатын. 3 күн ішінде олқылықтар жойылған жоқ.

Г.Билялова: Әлеуетті жеткізуші жобаны қай тілде түсіріледі және уақыты қанша болады?

Р.Омаров: Кемінде 20 минуттан аз емес және редакция таңдаған тілде түсіріледі.

Г.Билялова: Ілгерілету талаптары бар ма?

Р.Омаров: Талап бойынша әлеуметтік желі арқылы  инстаграм, телеграм, фейсбук, ютуб арқылы алға жылжытып отырады. Талап бойынша, 10 мың қаралым жинауы керек. Оларда бәрі ішіне кіреді, сомма өзгермейді. Айына 5 шығарылымнан кем емес шығарылады. Тақырыпты бізге ұсынады, басшылық бекітетін болады.

А. Хұмырзақ: Ілгерілету кезінде тапсырыс беруші тараптың әлеуметтік желі парақшаларымен колоббарация жасау керек шығар.

Ы.Сағымбеков: Барлығы заңға, ережеге сай келуі тиіс. Қай компания жеңсе де техникалық талаптарды сақтау жағын қадағалау керек.

Р.Омаров: Қоғам жариялаған талаптарға құжаттық негізде сай келуіне байланысты әлеуеттік жеткізушіні таңдасақ.

Ұсынылды:

  1. Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” өтінімін қарау және сыртқы өнім беруші ретінде таңдау.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Шешім қабылданды:

Әлеуетті жеткізуші ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна”  сыртқы өнім беруші ретінде таңдалсын!

АТЫ-ЖӨНІ «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРСЫМЫН» «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»
Ы.Қ. Сағымбеков      
Ж.М.Смайлов      
С.С. Тоқбай      
Г.Ж. Билялова
Е.Н. Айтказина
Ы. Ожай
А. Хумарзах
А.Д. Избаев
Р.М. Омаров

 

Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысбай