20.01.2026
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар – әлеуетті өнім берушілер үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарландыру
- Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
- Қызметтің атауы: Сайттарды ақпараттандыру және SEO-оңтайландыру қызметтері;
- Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: шартқа қол қойылған сәттен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, қашықтан қызмет көрсету;
- Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
- Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
- Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 18:00-ге дейін;
- Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2026 жылғы 2 ақпан 15:00;
- Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 31 250 000 теңге.
Қосымша:
1) әлеуетті өнім берушілердің толтыруы үшін өтінім нысаны * (жүктеу, өтінімді толтыру);
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары *;
3) бекітілген техникалық ерекшелік *;
4) шарттың үлгілік нысаны.
* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс