«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі
Көркемдік кеңесі отырысының
№ 5 ХАТТАМАСЫ
Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30
Өткізілген күні мен уақыты: 28.04.2025ж. сағат 11:00
Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков
Хатшы: А.Б. Алпысбай
Қатысушылар:
Ы.Қ.Сағымбеков
А.Хумарзак
А.Д.Избаев
Г.Ж.Билялова
Ы.Ожай
Г.Ж.Айтказина
Р.М.Омаров.
Қатыспағандар:
Ж.М. Смайлов (ақысыз демалыста)
С.С. Тоқбай (еңбек демалысында)
Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 7 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы.
КҮН ТӘРТІБІ
- Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау
- kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру.
ТЫҢДАЛДЫ
Бірінші сұрақ бойынша
Сөз сөйлегендер:
Көркемдік кеңес төрағасы Ы.Қ. Сағымбеков: — Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.
Ұсынылды:
Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлау.
Дауыс беру нәтижесі:
«Келісемін» – 7
«Қарсымын» – 0
«Қалыс қалды» – 0
Шешім қабылданды:
А.Б. Алпысбай көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын.
Екінші сұрақ бойынша
Сөз сөйлегендер: El.kz ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров:
– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында әлеуетті сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныстар қабылдайтынымыз туралы хабарландыруды Қоғамның сайтына жариялаған едік. Талап етілген жанр – арнайы репортаждар циклін жасауға үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар келіп түсті.
Ұсынғандар:
- Әлеуетті жеткізуші AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Өтініш қабылданбады. Себеп: Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) ұсынылмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған
жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың ұсынылмауы.
- Әлеуетті жеткізуші ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» жобалық атауы «Біздің бренд» деп аталатын документалды арнайы
репортаждар циклін ұсынып отыр. Талап етілген құжаттар тізімін түгел ұсынған. Өтініш қабылданды.
- Әлеуетті жеткізуші ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнайы репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) ұсынылмауы; шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін көрсететін құжаттардың ұсынылмауы себепті өтініш қабылданған жоқ.
Ұсынылды:
- Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күнін беру;
- Әлеуетті жеткізуші ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» өтінімін қабылдау.
Дауыс беру нәтижесі:
«Келісемін» – 7
«Қарсымын» – 0
«Қалыс қалды» – 0
Шешім қабылданды:
- Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күні берілсін!
- Әлеуетті жеткізуші ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» өтінімі қабылдансын!
АТЫ-ЖӨНІ | «КЕЛІСЕМІН» | «ҚАРСЫМЫН» | «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» |
Ы.Қ. Сағымбеков | |||
Ж.М.Смайлов | |||
С.С. Тоқбай | |||
Г.Ж. Билялова | |||
Е.Н. Айтказина | |||
Ы. Ожай | |||
А. Хумарзах | |||
А.Д. Избаев | |||
Р.М. Омаров |
Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысбай