-
- Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30;
- Қызметтің атауы: «El.kz» интернет жобасының интернет-ресурсын техникалық қолдау қызметі;
- Сатып алуды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімі мен орны: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30-ғимарат, 2 ү.е.ғ. және/немесе қашықтан қызмет көрсету;
- Баға ұсынысына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркелген күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрін, қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын соманың мөлшерін, сондай-ақ салықтарға, алымдарға арналған шығысты және қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге де шығындарды қамтуы тиіс.
- Қоғамның корпоративтік почтасының мекенжайы: offer@qcontent.kz;
- Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу үшін өтінімдері мен ілеспе құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 17 желтоқсан сағат 18: 00-ге дейін;
- Сатып алуға қатысу үшін жіберілген өтінімдерді қарау күні мен уақыты: 2025 жылғы 23 желтоқсан 15:00;
- Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер: ҚҚС-сыз 8 880 000 теңге.
Қосымша:
* – сұратылған пакетті және растайтын құжаттарды сканерленген нұсқада көрсетілген корпоративтік пошта мекенжайына жіберілуі тиіс