38-маусымдағы Kazakhstan Fashion Week-тің медиасеріктесі ретінде «Qazcontent» АҚ ақпараттық қолдау көрсетті
38-маусымдағы Kazakhstan Fashion Week-тің медиасеріктесі ретінде «Qazcontent» АҚ ақпараттық қолдау көрсетіп, маусымның негізгі оқиғалары мен қатысушыларына кең ауқымды ақпараттық қамту арқылы аудитория назарын аударды.
Елордада өткен 38-маусым Kazakhstan Fashion Week бір алаңда Қазақстаннан 17 дизайнерді, сондай-ақ Ресей, Грузия, Түркия және Өзбекстаннан келген қонақтарды біріктірді.


Қатысушылар қатарында Aida KaumeNOVA, Aliya Abdimazhit, AlexChzhen, ShakerBaY, Naiyl Baikuchukov, Samidel, KAMALINI, Zefi, ARUNAZ, Ozge, Aline, Liliya Dulat, EMRE ERDEMOGLU, JS Sence, Hamo және Ingorokva бар.

Маусымның салтанатты ашылуын Динара Сатжан жүргізіп, бүкіл бағдарламаға ерекше серпін берді.

Биыл шығармашылық индустрияны дамытуға ерекше назар аударылды: қатысушылар дизайнерлер үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, Астана сән индустриясының даму бағытын айқындайтын орталық мәртебесін нығайтуы тиіс деген сенім білдірді.

Маусымның негізгі тақырыбы адамның ішкі әлемі болды: оның еркіндікке ұмтылысы, мінез күші және өзін-өзі тану жолы.

Осылайша, 38-маусым Kazakhstan Fashion Week дәстүрлі көрсетілімдер шеңберінен шығып, әрбір коллекция уақыт, тұлға және таңдау туралы дербес ой білдіретін көпқырлы кеңістікке айналды.