Омбудсмен

Омбудсмен

Омбудсмен

«Qazcontent» акционерлік қоғамында іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларын тиімді реттеу мақсатында омбудсмен тағайындалады.

«Qazcontent» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен Омбудсмен рөлі корпоративтік хатшы  Гульназ Жолатовна Алинаға жүктелген.

Омбудсменнің рөлі – өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе іскерлік әдеп қағидаттарын бұзу барысында туындайтын күрделі жағдайлар бойынша өзіне жүгінген қызметкерлерге кеңес беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау талаптарын ескере отырып (қажет болған жағдайда – құпиялылықты сақтай отырып), өзара қолайлы, сындарлы әрі іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдем көрсету.

Бұл ретте Омбудсмен заңнамада және Қоғамның ішкі рәсімдерінде белгіленген тәртіпте шешілуі тиіс стандартты еңбек дауларын қарамайды. Омбудсменнің қызметі күрделі әлеуметтік-еңбек мәселелерін реттеуге және Қоғам қызметкерлерінің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары – тәуелсіздік, бейтараптық, адалдық, құпиялылық және бейресмилік..

Омбудсмен бейтарап тарап ретінде Қоғамда корпоративтік құндылықтар мен мәдениетті, кәсіби мінез-құлықтың және іскерлік әдептің жоғары стандарттарын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

Омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын және Омбудсмен туралы ережені басшылыққа алады.

Қоғамның Іскерлік әдеп кодексін бұзу, корпоративтік дау орын алған жағдайда, сондай-ақ Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы іс-әрекет фактілері бойынша  +7 (701) 322 99 65 телефоны арқылы хабарласа аласыз, сондай-ақ Ombudsman@qcontent.kz электрондық поштасына жазбаша өтініш жібере аласыз.

Бұдан басқа, өтініштерді Омбудсменге қағаз нұсқада Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 30 мекенжай бойынша жолдап, конвертте «Qazcontent» АҚ Омбудсменіне» деп көрсету қажет.