
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастады.
Әр жылдары түрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.
2012-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымын атқарды.


