Правление

Серғали Абайұлы Балажан
Басқарма төрағасының орынбасары
1987 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын «Қазақстан–Шымкент» телерадиокомпаниясында тілші болып бастады. 2012 жылдан бастап Baq.kz ақпарат агенттігінде жұмыс істеп, тілшіден бас редактор лауазымына дейін көтерілді. Соынмен қатар медиасаласында «Алматы» телеарнасында маркетинг департаментінің директоры, «Azattyq-Ruhy» ақпарат агенттігінің бас редакторы, «AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы сынды жетекшілік қызметтер атқарды.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Оның жетекшілігіне компанияның негізгі цифрлық медиажобалары қарайды: BAQ.KZ ақпарат агенттігі, EL.KZ интернет-порталы, Primeminister.kz ресми сайты, «Әдебиет порталы», «Қазақстан тарихы» порталы, сондай-ақ креативті контент, мультимедиалық өнімдер және IT-инфрақұрылымға жауапты бөлімдер.