Бос жұмыс орындары

Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
+7 (7172) 64-95-53, info@qcontent.kz

Талаптар Тілші лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тұлға тағайындалады. Міндеттері «Baq.kz» ақпарат агенттігінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеугее қатысу, жекелеген тақырыптарды жариялау бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа тақырыптарды іздестіру; «Baq.kz» ақпарат агенттігінің контентін толықтыру бойынша медиа-жоспарлар құрастыру; ақпараттық алаңды, бәсекелес ақпарат агенттіктері мен басқа да БАҚ-ты күнделікті мониторингтен өткізу; «Baq.kz» ақпарат агенттігін жедел ақпаратпен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету, авторлық жарияланымдарды дайындау. Жаңалықтарды жариялау үшін оқиға орындарына бару, белгіленген жағдайларда аккредитация алу, оқиға орнында жедел ақпарат жинау, жоспарланған сұхбаттар үшін сұрақтар дайындау, сұхбат алушылармен кездесіп, сұхбат алу; жиналған ақпаратты зерттеу, материалдарды өңдеу, оларды белгілі бір тақырып бойынша сұхбат, жарияланым, пікір ретінде ұсыну, очерктер мен мақалалар дайындау; «Baq.kz» ақпарат агенттігінің мәтіндерін (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) редакциялау жұмыстарын жүзеге асыру. «Baq.kz» ақпарат агенттігінде жарияланатын ақпарат мәтінін тиісті түрде рәсімдеу, грамматикалық және тыныс белгілеріне қатысты қателіктерге жол бермеу, авторлық материалдарда бірегейліктің болуын қамтамасыз ету; алғашқы дереккөздерді және алынған ақпараттың шынайылығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнама талаптарын орындау; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау; Интернет желісінде жарияланатын материалдарды ілгерілету жұмыстарын жүргізу (тег қою, гиперсілтемелер енгізу, тарату, сюжеттер мен мультимедиа таңдау). Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Шығарушы редактор лауазымына әлеуметтік ғылым, журналистика, ақпарат, педагогикалық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары және гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және БАҚ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. Міндеттері Сыртқы дереккөздерден: ашық ақпараттық және ақпараттық-талдамалық порталдардан, министрліктер мен ведомстволардың ресми сайттарынан, оның ішінде ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің ресми сайттарынан алынған ақпараттың күнделікті мониторингін жүзеге асыру; Ақпараттық алаңның, бәсекелес ақпараттық агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; Меншікті тілшілері мен аналитиктерден келіп түсетін ақпаратты қабылдау, іріктеу, талдау және өңдеу, ақпаратты «Baq.kz» АА сайтына дайындап орналастыру; Ақпараттық-талдау материалдарын, оның ішінде «Baq.kz» АА мемлекеттік тапсырма шеңберінде ұйымдастыру, жазу, редакциялау және жариялау; Іздестіру, ақпарат жинау және мәтіндерді (баспасөз хабарламалары, авторлық мақалалар) редакциялау және жариялау Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар SMM менеджері лауазымына келесі талаптарға жауап беретін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (журналистика, экономика, құқықтану, ақпараттық жүйелер, мәдениет және өнер, өнер және гуманитарлық ғылымдар, техникалық мамандықтар) мамандығы бойынша тұлға тағайындалады. Міндеттері қоғамның Дирекциясы, редакциясы және порталдарының әлеуметтік желілеріне контентті орналастыру; әлеуметтік желілерге арналған контентті шығару; контентті әлеуметтік желілердің ережелеріне сәйкес келтіру; әлеуметтік желілер бойынша есепті толтыру; материалдарды жариялау алдында бас редакторлармен және/немесе Дирекциямен келісу. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Тілші лауазымына (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тұлға тағайындалады. Міндеттері Мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында редакцияланған қолжазбаларды, корректуралық баспа-таңбаларын оқуды жүзеге асыру; оқушылар, студенттер үшін және жалпы қоғам үшін әдебиет бойынша пайдалы ақпаратты жариялау; әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды, ақындар мен жазушылармен сұхбаттарды, олардың шығармаларын жариялау; Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамдағы ақындар мен жазушылардың рөлін арттыру, жастардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, шетелдік ақындар мен жазушылармен байланыстарды қалыптастыру мен нығайту; орфографиялық және пунктуациялық қателерді жою, жазу барысында техникалық ережелерін сақтау, сондай-ақ мағыналық және стилистикалық сипаттағы кемшіліктерді түзету; Бас редактор бекітіп, әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істеу Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. Бос орын 0,5 ставкаға

Талаптар Креативті контент дирекциясының мобилографы лауазымына медиакоммуникациялар, операторлық өнер, режиссура, кино және теледраматургия, тарих, әлеуметтік ғылымдар, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, өнер, ақпараттық жүйелер немесе өзге де сабақтас бағыттар (мамандықтар) бойынша орта арнаулы немесе жоғары білімі бар тұлға тағайындалады. Мобилография бойынша кәсіби курстардан өткені туралы сертификаттың болуы міндетті Міндеттері Бейнетүсірілім мен суретке түсірудің кез келген түрін жүргізу; Кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, түсірілген материалды монтаждауды уақтылы және жоғары сапада орындау; «Adobe Premiere Pro», «After Effects», «DaVinci Resolve», «Final Cut» сияқты ДК монтаждау бағдарламаларын меңгеру және сенімді жұмыс істеу; Базалық түс түзету, саунд-дизайн, титрлермен және субтитрлермен жұмыс жүргізу; Фото және бейнематериалдардың сақталуын, жүйеленуін, каталогтандырылуын және мұрағатталуын қамтамасыз ету. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Еңбекақы мөлшері әңгімелесу қорытындысы бойынша белгіленеді.