Балажан Серғали Абайұлы «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Серғали Абайұлы Балажан «QAZCONTENT» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1987 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан–Шымкент» телерадиокомпаниясында тілші болып бастады.
Еліміздің жетекші медиа саласында басқарушылық тәжірибесі бар, оның ішінде «Алматы» телеарнасының маркетинг департаментін, «Azattyq-Ruhy» редакциясын басқарған және «AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
