10.12.2025

Әлеуетті жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
    «Qazcontent» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, EL.KZ ақпарат агенттігі.
  2. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
    Мәтіндік контент (ақпараттық жаңалықтар) дайындау бойынша қызмет көрсету үшін БАҚ және медиасаладағы маман қажет.
  3. Қызмет көрсету орны:
    Қашықтан.
  4. Өтінімдерді қабылдауға арналған корпоративтік электрондық пошта:
    offer@qcontent.kz
  5. Өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі:
    • Өтінімдерді тапсырудың соңғы күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан.
    • Қажетті құжаттар тізбесі жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген (қоса беріледі).
  6. Өтінімді кері қайтарып алу құқығы:
    Әлеуетті жеткізуші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарып ала алады.

Хабарландыруға қоса беріледі (қазақ және орыс тілдерінде):