«Qazcontent» АҚ мультимедиалық жобалар жөніндегі Көркемдік кеңесі отырысының № 7 ХАТТАМАСЫ
Хаттаманың шығарылған орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 30
Өткізілген күні мен уақыты: 31.07.2025ж. сағат 11:00
Төрағасы: Балажан Серғали Абайұлы
Хатшы: А. А. Максаткызы
Қатысушылар:
- Балажан Серғали Абайұлы
- Смайлов Жандос Мейірбекұлы
- Сағымбеков Ынтымақ Қалқаманұлы
- Бекбергенова Молдыр Аскаровна
- Омаров Рустем Мукатаевич
- Ділдебай Айдын Қайсарұлы
Қатыспағандар:
- Хумарзах Алтынбек
(еңбек демалысында)
Көркемдік кеңестің отырысына кеңестің 6 мүшесі қатысып отыр. Көркемдік кеңестің отырысы бетпе-бет дауыс беру әдісімен жүзеге асырылатын болады. Көркемдік кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум бар. Көркемдік кеңес шешім қабылдауға құқылы.
КҮН ТӘРТІБІ
- Көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлау
- Көркемдік кеңестің төрағасын сайлау
- El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру.
ТЫҢДАЛДЫ
Бірінші сұрақ бойынша
Сөз сөйлегендер:
Р.Омаров: — Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысын сайлап алайық.
Ұсынылды:
Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп Креативті идеялар дирекциясының продюсері А.Максаткызы сайлау.
Дауыс беру нәтижесі:
«Келісемін» – 6
«Қарсымын» – 0
«Қалыс қалды» – 0
Шешім қабылданды:
А.Максаткызы көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп сайлансын!
Екінші сұрақ бойынша
Сөз сөйлегендер:
El.kz ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров:
Хатшы сайланды, енді көркемдік кеңестің төрағасын сайласақ. Мен көркемдік кеңес отырысының бастамашысы ретінде Басқарма Төрағасының орынбасары Балажан Серғали Абайұлын Кеңес төрағалығына ұсынамын. Дауыс берсеңіздер…
Дауыс беру нәтижесі:
«Келісемін» – 6
«Қарсымын» – 0
«Қалыс қалды» – 0
Шешім қабылданды:
С.А.Балажан көркемдік кеңестің төрағалығына сайлансын!
El.kz ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров:
– «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы Қоғамның сайтында мемлекеттік тапсырыс аясында 400 минут көлемінде мультимедиалық контент жасау үшін әлеуетті сыртқы жеткізушілерден шығармашылық ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Талап етілген жанр – сұхбаттар циклін жасау. Үш әлеуетті жеткізушіден ұсыныстар келіп түсті.
Ұсынғандар:
- Әлеуетті жеткізуші «Сарыбастау» ЖК «Біздің жұлдыз» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш қабылданбады. Себептер: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін дәлелдейтін құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы. Өтініш қабылданды.
- Әлеуетті жеткізуші AiMedia «Bazarlike Elden сұрақ» атты сұхбаттар циклін ұсынып отыр. Материалдық және еңбек ресурстарының бар екенін растайтын құжаттар ұсынылмаған.Өтініш қабылданды.
- Әлеуетті жеткізуші «Рысқиев» ЖК «Ащы сұхбат» атты сұхбаттар циклін ұсынды. Өтініш келесі себептер бойынша қабылданбады: нарықта кемінде екі жылдық тәжірибені растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болмауы; жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) бар екенін растайтын құжаттардың болмауы, сондай-ақ құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы. Өтініш қабылданды.
Ұсынылды:
- Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күнін беру;
Дауыс беру нәтижесі:
«Келісемін» – 6
«Қарсымын» – 0
«Қалыс қалды» – 0
Шешім қабылданды:
- Құжаты қабылданбаған әлеуетті жеткізушілерге Қоғамның мемлекеттік тапсырманы орындауға шарт жасасу және мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ескертулерді жою үшін 3 жұмыс күні берілсін!